» » » МАЙТАЛМАНДАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

МАЙТАЛМАНДАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Киелі Қармақшы ауданы тұрғындары үшін 2017 жыл атқарылған көптеген игілікті іс-шараларымен есте қалды. Нақтырақ айтқанда  білім саласы бойынша  2016-2017 оқу жылы 38 бітіруші «Алтын белгі», ал 18 бітіруші «Үздік аттестат» иегері атанса, Қуаңдария ауылында №186 орта мектеп, Жосалы кентінде «Айгөлек» және «Ертөстік», ал ІІІ Интернационал ауылында «Бади-Нур» балабақшалары пайдалануға берілді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік саласы бойынша  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізібойынан «Ақ сарай» қызмет көрсету кешені, кент орталығынан  «Мағжан», «Алтын орда», «Ақ тілек» сынды заман талабына сай сауда орталықтары мен мейрамхана салынып, олар бүгінде ел игілігіне жұмыстар істеуде. Ал, ауылшаруашылығы бойынша да  ілкімді тірлік бар. Толығырақ айтқанда, өткен жылы сала мамандарының ерен еңбектерінің арқасында аудан облыста  үздіктер қатарынан көрінсе, белгілі кәсіпкер Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» серіктестігі облыста «Үздік егін шаруашылығы» номинациясына ие болды. Аталмыш шаруашылықта құс етін өндіретін зауыттың іргетасы қаланды. Еңбек ардагері Ерназар Сексенбаевтың 100 жылдық мерейтойы жоғары дәрежеде өтті.  Спорт саласы бойынша жерлестеріміз Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы», ал Ғалымжан Әбдірахманов қазақ күресінен екі дүркін әлем жеңімпазы атанып, аудан мерейін тасытты. Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ашылған«Этноауылда» әлемнің көптеген елінен туристер келіп, ұлттық құндылықтарымызбен танысты. Аудан орталығы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  ілкімді істер атқарылды. Жаңадан ашылған «Мөлтек»  шағын ауданынан №183 орта мектептің, Төретам кентінде денешынықтыру және сауықтыру кешенінің, Төребай би мен Иіркөл ауылдарында заман талабына сай балабақшалар құрылысы басталды. Аталмыш әлеуметтік нысандар 2018 жылы пайдалануға беріледі.
Өткен жылдың соңғы күнінде Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде жылды қорытындылауға арналған  мерекелік салтанатты жиын  өтті.
Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған көркемөнерпаздар  тобының ұйымдастырған мерекелік қойылымымен басталған салтанатты жиынды аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашып, жыл бойы аудан экономикасын нығайтуға және өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруда қол жеткізген жетістіктерді саралап, алдағы жылдарға мақсатталған жоспарлар жайында сөз қозғады.
Сонымен бірге, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы және аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқан бір топ еңбек ардагеріне «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағын,  сонымен біргеөздерінің өнегелі еңбегімен үлгі көрсетіп келе жатқан бірқатар еңбек озаттарына аудан әкімдігі атынан түрлі номинациялар тапсырды.
Мерекелік салтанат соңы мерекелік ән шашуына ұласты.

Нұрбай ЖАӘДІЛОВ,
03 қаңтар 2018 ж. 1 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031