ЖАҢА БАСТАМА-ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Тағы бір жылды артқа тастап, санаулы күндерден кейін жаңа жылға аяқ басамыз. Тауық жылы еліміз үшін табысты жыл болды деп бағамдаймыз. Әрбір күннен несібесін күтіп, еңбекпен нан тапқан жандар өткенін сараптап, келешегінен керемет жаңалықтар күтеді.
Осы орайда қайырымды істердің жанынан табылатын, еңбектің қадірін білетін, ауданға белгілі кәсіпкер Рабиға Балғабаева қарамағындағы қызметкерлерінің еңбектерін ескеріп, оларды ынталандыру мақсатында жаңа жылдық кеш ұйымдастырып, үздік мамандарды марапаттауды жөн санапты.
«Мағжан» наубайханасында 6 жылдан бері қызмет ететін Ақөрік Еленованы «Жыл үздігі», ауданға қарасты мектеп асханаларының аспазшылары Орынкүл Садақбаева (№185 мектеп), Майра Нұржанова (№28 мектеп), Әлимаш Наурызбаева (№111 мектеп), Ғалияш Ахметова (№250 мектеп-лицей), Маржан Байжановаларды ( №105 мектеп-лицей) «Үздік аспазшы», 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Балқия Онғайбаева, 15 жылдан бері еңбек ететін Гүлмира Кенішбаева, Ғалия Нұржанова, Айнұр Қарғабаева, Бақытқали Тұрабаевтарда «Үздік қызметкер» аталымдарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.
Мереке қарсаңында марапатқа ие болған қызметкерлер еңбектерінің еленгеніне қуанып, кәсіпкерге алғаусыз алғыстарын жаудырып жатты.
Мұндай игілікті істің куәсі болған біз де жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарадан жақсы әсер алдық.
Жыл сайын мерекелік кеш ұйымдастырып, барлық жұмысшыларына жаңа жылдық сыйлықтар үлестіруді дәстүрге айналдырған кәсіпкер биылдан бастап үздік қызметкерлерін марапаттауды қолға алыпты.
Кәсіпкердің бұл жаңалығы, жақсы бастамасы басқаларға да үлгі болары анық.

Г.ДҮЗЕНОВА.