» » » ҚАЗЫНАЛЫ ҚАЙРАТКЕР

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАЙРАТКЕР

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Рухани қазынамыз саналатын кітапты кеңінен насихаттау мақсатында №80 мектеп-гимназиясында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы болып өтті. Жиынға 8-10 сынып оқушылары мен ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, жазушының «Қамар сұлу» романына жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар, оқушылар романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беріп, аталмыш шығармаға композициялық талдау жасады. Мұнан өзге романның көркемдігі мен тіл ерекшелігі, қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен романда көтерілген әлеуметтік мәселелер жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, оқырмандар  романның тарихилығы, көркемдік шешімі, Қамардың өмірдегі прототипі туралы мәлімет алып, «Қамар сұлу» романына  заманауи тұрғыдағы көзқарастарын айтып, қызу пікір алмасты.
Конференция барысында 8 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары романнан үзінділер алып, сахналық қойылым көрсетті. Романдағы Қамар мен молданың, жорға Нұрымның айтысы, Ахмет пен Қамардың соңғы кездесуін бейнелейтін оқиғаларды оқушылар шеберлікпен сахналап, көрермендердің сезіміне әсер етіп, ықыластарына бөленді. Оқырмандарға С.Торайғыровтың шығармашылығы бойынша «Алаштың ақын ұлы» тақырыбындағы кітап көрмесі мен «Романнан алған әсерім» айдарымен оқушылар жазған эсселер мен сурет көрмесі ұсынылды.
Жиын соңында мектеп-гимназия директоры Райхан Шауһарқызы іс-шара барысында белсенділік танытып, ерекше дараланған оқушыларға түрлі аталымдар менмақтау қағаздарын табыстады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз М. Аралбаева: -«Қамар сұлу» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі. 1913 жылы жарияланған бұл романның 104 жылдық тарихы бар. Міне, бүгін бұл романды оқушылардың оқып, жүйелі талдау жасағандарына қатты қуанып отырмын. Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру жақсы бастама. Осы тұста мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұру керек деген ұсыныс білдіргім келеді,-деді.
Жанерке АЛМАҒАНБЕТОВА,
№80 мектеп-гимназиясның мұғалімі.
   Төретам кенті.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 810 1

JeaCold от 14 ақпан 2019 14:38
Cytotec 200 Mcg cialis price Tadalfil 20mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031