» » » ТУҒАН ЖЕР -ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

ТУҒАН ЖЕР -ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

Әдеттегідей жұмысқа  асыға басып келе жатқанмын, алдымнан таныс апайымның бейнесі жарқ ете қалды. Жылы жүзінен мейірім төгілген жұмсақ күлкісімен амандық –саулық сұрай бастады. Апайдың жылы сөздерінен көңілім көтеріліп, мектепке асыға кете бардым. Бұл кісі ардагер ұстаз, тарихшы, ауылымыздың абыройлы ардагерлерінің  бірі - Ермағамбетова Қарлығаш апай. Маған бұл кісі сабақ  берген  жоқ, бірақ өзіме білім берген аяулы ұстаздарыма ұқсата берем. Қарлығаш апай кезінде сабақтарында оқушыларға оқулықтан тыс тақырыпқа байланысты аңыз әңгімелерді, тарихи оқиғаларды шынайы әңгімелеп беретін. Мен ұлағатты ұстаздың өнегелі өмір жолын айтпаймын. Ол өз алдына бір әңгіме. Мен апайдың биыл жарыққа шыққан, өзінің шәкірті аудандық «Қармақшы таңы»  газетінің белсенді тілшісі Гүлжанат Дүзенова екеуінің Ақтөбе ауылы тарихын кеңінен әңгімелейтін  «Туған жер тұнған шежіре» атты кітабы жайлы бірер пікірімді білдірсем деймін.
Бұл кітаптан бүкіл бір ауылдың тарихы, бірнеше бөлім бойынша ауылдың құрылуынан бастап, ауыл дамуына үлес қосқан майталмандар, өнегелі әулеттер жайлы тың деректер таба аласыз. Сондай-ақ үшінші  «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, өткен күндер мәңгі  есте  сақталады»  бөліміндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары, Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер, Батыр аналар т.б. туралы деректер кітапта өте мазмұнды, кең ауқымда қамтылған. Мұндай тарихи деректер келешек ұрпақтарға өте қажетті деп ойлаймын. Тәрбие сағаттарында осындай материалдарды тиімді пайдалансақ, оқушыларымыз туған ауылымыздың тарихын  біліп қана қоймай, туған елге еңбек етудің қадірін тереңінен түсінер еді. Кітаптың соңғы бөлімінде ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігі, ауылдың өркендеуіне үлестерін қосып жүрген әр саладағы жандар жайлы жан-жақты тоқталып өткен. Тағы бір маңыздысы ескі  суреттер талай нәрседен  сыр шерткендей. Өз басым бұл кітаптан Ақтөбе ауылы жайлы жаңа, тың деректер, мағлұматтар алдым. Қазақ халқында «ұрпақтар сабақтастығы» деген жақсы бір ұғым бар. «Жалпақ  жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп президентіміз Н.Назарбаев атап көрсеткен ді. Міне, осы кітаптан сол тұжырымдаманың нақты мысалын оқып білесіз. Ендеше Қарлығаш апай мен Гүлжанат шәкіртіміздің шығармашылық  ізденуі мен тынымсыз еңбегінің арқасында жазылған бұл  кітаптың өскелең ұрпақ үшін алатын орны ерекше, құнды дүние екені сөзсіз.                                                              

Т.ДАЛДАБАЕВА,
№109 орта мектеп мұғалімі.


26 желтоқсан 2017 ж. 2 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031