» » » Журнал аты – «Рухани жаңғыру»

Журнал аты – «Рухани жаңғыру»

Адам жанының алтын арқауы –­ ру­хани құндылық. Сол рухани құн­дылықтарымызды дәріптейтін, салмақты сараптамалар мен бай мазмұнды қамтитын «Рухани жаңғыру» атты республикалық журнал жарық көрді. 
Басылымның тұсаукесері Талды­қор­ған қаласында өтті. Жаңа басылымның ұстан­ған бағыты – құндылықтарымызды дәріптеу, мәдениетімізді, әдебиетімізді зерттеп, зерделеп жария етуге мол мүмкіндік жасау. Журналда ақпараттық материалдар мен күнделікті хабар­ла­малар басылмайды, тиісінше, руханият пен тарихқа қатысты құнды, ұрпаққа ой салар тың сараптамалар қамтылмақ. «Рухани жаңғыру» журналының редакциясы – Талғар ауданында. Бас редакторы – Бахтияр Қабасов.
– Тарихымызды таразылап, төл мәдение­тімізді қайта жаңғыртуға тың сер­пін берген Елбасымыздың «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сы негізінде жаңа басылым – жаңа идея­мен жарыққа шықты. Мемлекеті­міз­дің жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңістерін, еңбекке үлгі болған жан­дар­дың ұстанымдары, көне көрікті қалаларымыз бен тарихи ескерт­кі­ш­те­рі­міз, мәдени мұраларымыз жайлы жан-жақты мағлұмат ала аласыздар, – деді Б.Қабасов.
Сонымен қатар «100 жаңа есім», «Қасиетті Қазақстан», «Туған жер», «100 жаңа оқулық» жобаларының кейіп­кер­лері осы басылым арқылы жасап жатқан іс-тәжірибелерін халықпен бөлісе алады. Алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде «Рухани жаңғыру» журналының таныс­ты­рылымын өткізу жоспарланып отыр.
Жан ЕРКЕ
26 желтоқсан 2017 ж. 2 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031