» » » "ЖЫР ЖАУҺАРЫ" АНСАМБЛІ

"ЖЫР ЖАУҺАРЫ" АНСАМБЛІ

«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Сыр елі жайлы Елбасының айтқан сөзі.
Қазақтың байтақ даласына қарап, Алла Тағаланың өзі қазаққа пейіліндей дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан даланың қай тұсын болмасын Жерұйық дерсің… Сыр елі де – сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен. Сыр өңірі – жыр сүлейлері шыққан киелі өңір. Сол себепті де халық арасында «Сыр елі – жыр елі» деген сөз кең тараған.
Қармақшы жері де  жүз шайырға мекен болған, жыраулық дәстүрді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа үзбей аманаттаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі атанған, қасиетті жыраулық өнердің ордасы. Мұнда ұлттық құндылығымыз дәріптейтін Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі жұмыс жасап келе жатқанына 10 жылдан аса уақыт болды. Бұл күндері қолына домбырасын алып, үйірмеге асыға жететін шәкірттердің  алғашқы буыны қазақ өнерінің туын көкке көтеріп, әлемге танытып үлгерді. 
Мәдениетіміз бен өнеріміз өркенін жайып, рухани құндылықтарымыз қайта дәріптеліп жатқан тұста өнерді одан әрі өрістету, халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында жыраулар үйінің жанынан биылғы жылдың қыркүйек айында "Жыр жауһары" ансамблі құрылды. Елбасы күніне арналған мерекелік салтанатты жиында ансамбльдің тұсауы кесілді. Ансамбль жетекшісі белгілі күйші, әнші, жыраулар үйінің қызметкері Берік Аққалиев.  Репертуарында Тұрмағамбеттің "Тәлім" термесі, Құрманғазының "Балбырауын" күйі, Ә.Қонысбековтің "Көксерек" туындылары бар. Ансамбль құрамында сырнайшы І.Елубай, бас домбырашы М.Жасаңбаев, домбырашылар Н.Қылышбаева, М.Алдамжарова, ұрмалы аспапта Д.Мұратұлы, С.Еркебұландар мен сылдырмақта А.Ақбаева сынды өнерпаздардан жасақталған.
Ансамбльдің неліктен "Жыр жауһары" аталғанын сұрағанымызда өнер ұйымының жетекшісі былайша жауап берді: -Негізіміз жыр болғандықтан, сонымен қатар қазақта ең асыл, құнды дүниені інжу-маржан, жауһарға теңеп жатады. Жыраулық өнерді халыққа жарқыратып шығару басты мақсатымыз. Сол себепті осылай атағанды жөн көрдік. Алдағы уақытта ансамбль құрамын кеңейту жоспарда бар. Жетіген, шертер аспаптарында ойнайтын оқушыларды қосып, үлкен сахналарда өнер көрсететсек деген ниетіміз де жоқ емес,-дейді. 
Жыраулық өнер біздің өңірімізде лайықты жалғасын тауып келеді. Соның бір дәлелі, жоғарыда біз айтып кеткен ансамбльдің құрылуы. Ауданымызда оқушылар арасынан құрылған алғашқы ансамбль ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.  Шығар биік, алар асуларыңыз көп болсын!
Ақнұр САҒЫНТАЙ. 
 
 
25 желтоқсан 2017 ж. 1 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031