» » ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған болатын. Ұйымның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастырады. Осы орайда, №105 мектеп-лицейде ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына байланысты мектеп оқушыларын "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау рәсіміне арналған "Ұланымыз ұлы елдің" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті.
 Жиын барысында "Жас Ұлан" ұйымының мақсаты мен міндеттері, ережелері таныстырылып, ұйымға кіретін оқушылар ант қабылдады. Мұнан соң мектеп директоры Гүлжаһан Мұнарбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық оқушылар үйінің әдіскері Айгүл Әбдіреева мен ардагер ұстаз Көптілеу Қазақбаевалар құттықтау сөз сөйледі.
Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша облыстық "Жас Ұлан" ұйымының дипломымен мектеп тәлімгері Айгерім Айтбаева марапатталса,  Меруерт Бәйтерекова, Нұрила Шакмаранова, Аружан Кенжебековаларға аудандық білім бөлімінің дипломдары табысталды.
"Қт" ақпарат.
27 желтоқсан 2017 ж. 3 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 811
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930