» » ДӘСТҮРЛІ ДІН-ДІҢГЕГІМ

ДӘСТҮРЛІ ДІН-ДІҢГЕГІМ

-Бүкіл әлемді жаратушы иеміз-жалғыз. Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өзі жүрегі арқылы сезетін болады,-деп бастады сөзін аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Ж.Ысқақов №250 мектеп-лицейде ұйымдастырылған «Дәстүрлі ислам діні және жат ағымдардың зияны» тақырыбындағы кездесуде.
Дінтанушы сонымен қоса қатысушыларға жат ағымдардың зияны, олардан сақтанудың жолдары мен ислам дінінің құндылығы және қоғамның  дінге деген құрметі жайында кеңінен ой өрбітіп, пікір алысты. Оқушы көкейінде жүрген сұрақтарға жан-жақты жауаптар берді.
-Ата-бабаларымыздың ұстанған асыл діні-рухани байлығымыз, мемлекеттіңбірлік пен билікті нығайтушы, халықты бауырмашылдық пен мейірімділікке уағыздаушы. Ардақты дінімізді жолдан тайдырғылары келетін жат пиғылды діни ағымдар мен секталардың бар екені шындық. Жеке бастың қамы мен мүддесін көздеген мысық пейілді адамдардың көздегені-бейбіт елдің арасына іріткі салу, ымырашылдығын ыдырату. Қандай да бір сұрақтар, толғандырып жүрген сауалдар болса мешіт имамдарымен, теолог-мамандармен ақылдасқан жөн. Сонда адам да, оның отбасы да жапа шекпейді,-деді мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева.
Басқосу мектеп оқушыларының әдеби-монтажымен қорытындыланды.

Серғали БЕРТІЛЕУОВ,
мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.   
28 желтоқсан 2017 ж. 1 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031