» » » БІРЛЕСТІКТЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУЛАР

БІРЛЕСТІКТЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУЛАР


Мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша жағдай жасау, олардың жақсы өмір сүрулеріне ықпал ету-азаматтық қоғамның басты міндеттерінің бірі. Бұл тұрғыда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері игі жұмыстар атқаруда.
«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен кәсіпкерлер үйінде «Кедергісіз әлем» тақырыбында бизнес өкілдерімен кездесу және аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Бар жақсылық-балаларға!» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аудандық ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері қызметкерлері, кәсіпкерлер және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысқан іс-шараларды бірлестік төрайымы Бақыткүл Райымбаева жүргізді.
Бала жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайтын келелі басқосуларда аудан ардагерлері, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, Въетнам соғысының ардагері Иса Бисенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров,  дәрігерлер Ұрхия Тұрмағанбетова, Айткүл Балмаханова, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әсет Омаров, тағы басқалары сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу жайында ұсынақты ойларымен бөлісті.
Бірлестік мүшелері Аида Шауханбаева, Нұртуған Рүстемұлы, Айбек Төлепберген, Жазира Кірқабақова, Ахметжан Қылышбектердің шығармашылықтарынан көрме ұсынылды.  

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 010
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 685

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031