» » » БІЛІКТІ МАМАН-БІЛІМДІ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

БІЛІКТІ МАМАН-БІЛІМДІ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

«Игіліктің ерте, кеші жоқ» демекші, аудандық аграрлы-техникалық колледжінің бір айлық курсына жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен «Нәтижелі жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасымен «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығына  жолданған нәзік жандылардың ең жасы 19-да болса, үлкені 57 жаста.
Келешекте шағын және орта кәсіпкерлікті игеруге қадам басып отырған қыз-келіншектердің алға қойған армандары көп.
-Біздер үй шаруасындағы аналармыз. Белгілі бір мамандықты игеремін деген адамға оның жас шамасы кедергі емес деп ойлаймыз. Ең бастысы-ықыласың мен ынтаң болса болды. Болашақта осы жерден алған білімімізді еңбек өндірісіне айналдырып, кәсіп ашсақ деген мақсатымыз бар. Өз киіміңді өзің тігіп, балаларымыздың киімдерін жөндеп беріп жатсақ та нұр үстіне нұр емес пе? Оқу орнынан көп нәрсе үйрендік. Әлбетте, мұндай іске бір ай уақыт аздық ететіні сөзсіз. Сонда да болса біраз дүниені білікті мамандардың арқасында еңсере білдік. Курста 15 адам оқып жатырмыз. «Әмбебап» тігін шеберханасынан іс-тәжірибеден өтудеміз. Қазір қамзол, желет, юбка, көйлек, тағы басқаларын тігуді үйрендік.
Біз секілді жұмыссыз үйде отырып қалған жандарға зор мүмкіндік жасап, қолдау білдіріп отырған мемлекетіміз бен Елбасы саясатына алғысымыз шексіз. 
Сонымен қоса, колледж ұстаздары Бибігүл Сәдуова, Лаура Тоқмамбетоваға және кәсіпкерлікке баулыған Меруерт Жүсіповаға ризашылығымызды білдіреміз,-дейді мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруші Гүлбаршын Әлікеева мен Бақыткүл Аманбаева.
Қазіргі кезде Жосалы кентінің өзінде бірнеше тігін цехтары жұмыс жасап тұр. Олар кәсібін дөңгелентіп, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. Тігіншілікті кәсіпке айналдырған жандардың дені-осы аталған оқу орнынан түлеп ұшқандар.
-Колледжде «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығына 3 топта 62 оқушыға сабақ берудеміз. Жақсылап игеріп алсаң, нәзік жандыларға бұл таптырмас мамандық.  Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 3 айлық курс есебінен 30, 1 айлық курс есебінен 15 студент бізде білім алуда. Қолымыздан келгенше тігіншіліктің қыр-сырын үйретуге барымызды салудамыз. Олар желтоқсан айының соңына қарай қолдарына біліктілік сертификаттарына ие болады. Әрі қарай алған мамандықтарын дамытып, кәсіп ашып жатса, әрине біз оларды қолдауға, көмек беруге дайынбыз,-дейді білікті маман  Бибігүл Сәдуова.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
27 желтоқсан 2017 ж. 2 238 1

JeaCold от 15 наурыз 2019 15:44
Amoxil Dosing Chart Mg Kg Pharmacy Online Cefalosporin cialis prices Amoxicillin Uses For Dogs

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031