» » ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №369-V ҚРЗ Заңы  қабылданды. Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды,  яғни әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады. Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде — 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, яғни жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы:  18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақының(отбасының тоқсандағы жиынтық табысы күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын отбасыларына), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің (отбасының тоқсандағы жиынтық табысы күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан аспайтын отбасыларына) және арнаулы мемлекеттік жәрдемақының (4 және одан көп кәмелетке толмаған балаларға отбасының жиынтық табысы ескерілмей төленеді) орнына тағайын­далады.
Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай жәрдем деп екі түрге бөлінетін болады.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мысалы, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің ерекшеліктері егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік жұмыс ұсыну аясындағы келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады. Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 % төмен (бүгін – 40 %) әрбір отбасы арасындағы айырма түрінде есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбір азаматтар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығудың жолын табудағы ынталандыру болады.
Ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әрбір жұмысқа қабілетті азаматқа, үкімет тарапынан оқыту және мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу (ұлғайту) үшін несие алуға қолдау көрсетіледі.
 
Б.БАЙБАРАҚОВ,
Дауылкөл ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы.
 
27 желтоқсан 2017 ж. 3 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031