» » 2018 жылы 18 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу жоспарланған — М. Бекетаев

2018 жылы 18 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу жоспарланған — М. Бекетаев

ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2018 жылға арналған жоспарының жобасы туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев баяндады.
ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарымен 28 заң жобасын әзірлеу көзделген болатын. Жыл бойы енгізілген түзетулерді ескере отырып, Жоспар 22 заң жобасын әзірлеуді көздейді.
«4 заңға Мемлекет басшысы қол қойды, 9-ы Парламенттің қарауында, 4 заң Парламентпен қабылданып, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді және ағымдағы жылдың соңына дейін 5 заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарлануда. Осылайша, Жоспардың толық көлемде орындалғанын атап өтуге болады», — деді Марат Бекетаев.
Әділет министрлігі «Құқықтық актілер туралы» заңның және Үкімет регламентінің талаптарына сәйкес Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасын әзірледі. Әділет министрінің айтуынша, Жоспар жобасы бекітілген тәртіпте Мемлекет басшысымен келісілді.
«Жоспардың түпкілікті жобасы 18 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздейді. Олардың 5-уі дербес заң жобасы және 13-і қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қарастырады», — деп атап өтті Марат Бекетаев.
Үкімет отырысында мәселені қарау қорытындысы бойынша заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары бірауыздан бекітілді. 
Егемен.kz

26 желтоқсан 2017 ж. 1 541 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 05:20
Rayh Healthcare Canadian Pharmacy Mail Order Sildenafil cialis overnight shipping from usa Viagra 100mg Canada Viagra Forum Online Generic Viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930