» » ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ - ДАМУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ - ДАМУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Бүгінде мемлекетіміздің өсіп-өркен­деуі үшін, ең алдымен, заңның үстем­дігі қамтамасыз етіліп, оны қада­ғалап, жүзеге асыратын сот пен құ­қық қорғау органдарының қалт­қысыз жұмыс істеуі қажет. Елбасымыз жыл сайын­ғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, заң мен құқық қорғау ісіне қатысты алқалы жиындардың бәрінде бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, кемші­ліктерді бүкпесіз ашып көрсетіп, алда атқарылатын істерді айқындап, бағыт-бағдарлар көрсетіп беруде. 
Міне, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт Жоспары «100 нақты қадам»  заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жуырда Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Ербол Сейтжановтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде аудан прокуроры сала бойынша биылғы жыл атқарылған жұмыстарды саралады. Содан соң шараға қатысушылар, нақтырақ айтқанда Ж.Жәкеев, Қ.Төреев, Ш.Құндақбаев және басқалар өздерінің көкейіндегі жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Шара барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Абзал Шоқпаров, аудандық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлі­мінің басшысы Зере Метерова, «Нұр Отан» пар­тиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дас­тан Буханов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Елболат Ахметовтер көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берді.  

Ақнұр САҒЫНТАЙ.
 
25 желтоқсан 2017 ж. 2 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031