«ЖАН ШУАҒЫ»

Өзінің жастығына қарамай, үлкен іске бастамашы болған аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен «Музыкалық білім және музыкалық дәстүр» мамандығы бойынша білім алған  Бәйділдаев Берік Қобланұлын концерттен соң бірер ауыз сөзге тартқан болатынбыз.
-Берік, 2015 жылы Қызылода қаласында Асқар Тоқмағамбетов атындағы драма театрында дәл осындай қайырымдылық концертін ұйымдастырыпсыз. Әрбір қазақтың жүрегі мейірімділікке, имандылыққа толы екенін білеміз, десек те бұл идея сізге қайдан келді?
-Рас айтасыз. 2 жыл бұрын да қалада қайырымдылық шарасын ұйымдастырғанмын. Өнер саласында еңбек еткеннен кейін өнер адамдарымен араласатынымыз заңдылық болар. Ол кезде де осы өнер саңлақтары бір ауыз сөзімді жерге тастамай, оны әрі қарай дамытып әкетті. Идея маған «Жан шуағы» телебағдарламасынан туды. Елімізде қаншама тағдырлар бар. Әсіресе, кішкентай балалардың жан қиналысы, дүниеге кемтар болып келуі, оларға біз секілді аға-әпкелері сәл де болса көмек қолын созса, одан біз жаман болмас едік-ау деген ой түйдім. Осындай жағдаяттарды көріп, біліп отырып, оған бей-жай қарай алмадым. Өнердегі, өмірдегі достарыма ойымды айтқанымда, олар де мені қуана қоштады. Шарадан қомақты қаражат жиналып, ол жас баланың денсаулығын оңалтуға жұмсалды.
-Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында концерт ұйымдастыруыңыз тегіннен-тегін болмаса керек-ті.
-Адамның жүрегі мейірімділікке, қайырымдылыққа, имандылыққа жұмыс жасамаса-біз ешқашан рухани жаңғыра алмаймыз. Елбасының даналығы, кемеңгерлігі де осында жатса керек. «Туған жер», «100 үздік есім», «Қазақстанның киелі географиялық картасы» бағдарламалары Ұлт көшбасшысының сара саясатының жемісі деп ойлаймын. 
Байқасаңыз, мақала жарыққа шыққалы бері елімізде көптеген жарқын істер мен өзгерістер орын алуда. Елді, халықты ұйыстырып, бірлігі мен берекесін арттыра түсуде. Ия, игілікті бізге біреу әкеліп бермейді, оны әрбір қазақстандық өзі жасауы тиіс, оған өз үлесін қосуы қажет. Сонда ғана Қазақстанның әл-ауқаты артып, дамыған 30 елдің қатарына енеміз. Аталған концерт те игі іске қосылған азғантай  үлес деп қабылдасаңыз болады. Алда да көптеген жобаларым бар.
-Естуімше, ата-анаңыз да өнерден алыс адамдар емес екен.
-Әкем Қоблан Мыңтайұлы күйші. Анам Гүлнар Бейбітқызы балабақшада еңбек етеді. Ол да халық әндерін орындайды.
-Отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз?
-Өнерде жүргендіктен кейде үй көрмей кететін кездер болады. Жолдасым Гүлзат Мырзахановамен бірге Бейбарыс, Айымжан, Айару атты ұл-қыздарды өсіріп-тәрбиелеудеміз.
-Үйірмеге қызығушылық танытатын жас өнерпаздар көп болар?
-Шүкір, киелі өңір өнерімен әйгілі ғой. Мұнда да жақсы жұмыстар бар атқарылып жатқан. 3 ай бұрын «Гүлдер-ай» тобын құрдық. Әсел Елесханова, Нұрилаәсем Тұрмаханова, тағы басқалары өнер айдынының жас өрендері.
-Қайырымдылықтан түскен қаражат қалай игерілмек?
-Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитовтың жетекшілігімен комиссия құрылған.  Концерттен түскен қаражат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тізімімен мүмкіндігі шектеулі балалардың жаңа жылдық сыйлықтарына жұмсалмақ.
-Басылым оқырмандарына тілегіңіз?
-Қолдау білдірген аудан әкімі Сұлтан Мақашовқа, «Дилназ» жарнама орталығының басшысы, жеке кәсіпкер Мейірбек Төлепбергеновке, аудандық оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібековаға және ұжым мүшелері мен осы шараға атсалысқан аудан тұрғындарына риясыз алғысымды білдіргім келеді.
Еліміз, Елбасымыз аман, бейбітшілік заман болсын!
-Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
27 желтоқсан 2017 ж. 1 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031