РУХАНИ ЖАҢҒЫРА БЕРЕМІЗ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің болашақ бағдарын айқындап, мақсаты мен бағытын белгілеп берді. Қазір Елбасы айқындап берген рухани жаңғыру жолында жұмыстар жүргізілуде. Демек жаңғыру – елдің ұлттық рухани тамырларынан нәр алу. Осы рухани құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті жеке адамның тірлігі емес, халық болып бәсекеге түсіп, одан озып әлем елдері арасынан лайықты орнымызды алу. Әр елдің ғасырлар бойы қалыптасқан, қоғам қабылдаған, халық бойына сіңірген бай рухани құндылықтары бар. Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталуы керек. Жаңғыру деген жаңару деген емес пе? Теріс дағды, әдеттерден арылу керек. Елін, жерін, халқын сүйген әрбір патриот осы бағытта жұмыс жүргізеді.
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2011 жылдың 6 шілдесінде «Елорда күніне» орай құрылған болатын.
Қармақшы аудандық «Жас ұлан» ұйымы осы уақыттан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі таңда ұйымның 11136 мүшесі бар. «Жас қыранда» - 4738, «Жас ұланда» - 6398 оқушы. «Жас ұлан» ұйымының мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болса, міндеті Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде жастардың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру және ұйымдастырушылық қабілетін ұштау болып табылады.
Аудандық «Жас ұлан» ұйымы белсенділікпен әр түрлі шаралар ұйымдастырып, рухани жаңғыруымызға сеп болар, патриоттық рух берер бастамалардың қасынан табылуда. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарын жалғастыра бермек.

Айгерім АЙТБАЕВА,
аудандық «Жас ұлан» ұйымының төрайымы.
аудандық «Жас ұлан» ұйымының төрайымы.