ҮЗДІКТЕР КӨШІ БАСЫНДА
Әр жылдың соңында, яғни желтоқсан айында түрлі салалар бойынша өздерінің өнегелі еңбектерімен үздік атанған мамандар анықталып, оларға құрмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, самбо, қазақ күресі және дзю-додан биылғы жылы Әлем және Азия, сонымен бірге бірнеше рет халықаралық, республикалық жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, есімі елімізге белгілі спорт майталманы Әділбек Серікбаев «Жылдың үздік бапкері-2017» аталымын иеленді.
Аудандық спорт клуб мүшелері мен жерлесіміз Әділбек Серікбаевты жоғары марапатымен құттықтап, жемісті еңбек тілейміз.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.