ЖАҢА ЖОБАЛАРҒА ЖОЛ АШЫҚ
Халықаралық IT Университеті мен ҚР Білім және ғылым министрілігінің басшылығымен жыл сайын бұрын-соңды болмаған HackDay - Kazakhstan -
акциясы өткізіледі. HackDay – бұл қатысушылар өз ойларын прототипке айналдыратын шара. Олардың команда жинап, екі күнде жоба жасап шығаруға мүмкіндіктері бар. Бұл іс-шарада қатысушылар идеяларын прототипке дейін жеткізу үшін жұмыс жасайды. HackDay қатысу бұл 2-3 күннің ішінде жоғарғы шығармашылық ортада бұрын-соңды уақыт табылмаған жобаны жүзеге асырып топ құру немесе қызықты жобаға қорғауға мүмкіндік береді. Қатысушылар дайын идеясымен келу мүмкіндігі бар немесе команданы тікелей осы күні құруға болады.
Аталмыш байқау 18-19 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында Қорқыт ата ҚМУ студенттер сарайында өтті. Оған бағдарлама әзірлеушілер, жарнама саласының мамандары, дизайнерлер, блогерлер мен журналистер, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Аймақтар арасынан тұңғыш рет Сыр елінде өткен байқауға 412 қатысушы 3 номинация бойынша 137 идеялық жобаларын ұсынды. Атап айтсақ, "Ақпараттық технологиялар" (логикалық ойын қосымшалары, сервистік мобильді қосымшалар), "Контент және медиа", "Кино және видео" (мультипликациялық 2D, 3D жобалар, жарнама роликтері және тағы басқа)
Байқауға ауданымыздың Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің 8 сынып оқушылары Ырысбек Жайықов, Қуаныш Сұлтанбеков, Бекзат Бейбіт, Жомарт Олжабайлар "Болашақ көліктері" командасы болып бақтарын сынады. Олар ұсынған жобалары негізінде қарды ерітіп, суға айналдырып, оны ауыл және егін, мал шаруашылығына техникалық су ретінде пайдалануға болатын көлік жасап шықты. Көліктің авторы, оқушылардың жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Әйгерім Тұрғанбек. Жерлестеріміздің қорғаған екінші жобасы, ол-тазалық көлігі. Оның қызметі көлік алдына су себіліп, соңынан оны жуып жүреді.
2 күнге созылған шарада оқушылар өз жобаларын "Үздік жобалар" көрмесінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алдында таныстырды. 420 жуық қатысушы бақ сынаған байқауда ең жас қатысушы Бекзат Бейбіт облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды. Сонымен бірге, команда сертификат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Байқау нәтижесінде жастар ең қызықты жобаны құру, жаңа тәжірибені көрсету арқылы шығармашылық ортада топпен жұмыс жасады. Бастысы, HackDay жас кәсіпкерлерге қысқа мерзімде жобаны іске асыруға және оның идеясын ұзақ уақытқа жеткізуге көмектеседі. Нәтижесінде нарықта пайда болған жобалардың көпшілігі тұрақты бизнеске айналатын болады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ.