» » ӘКІМ АЙТЫСКЕР АҚЫН СЕРІК ЫДЫРЫСОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘКІМ АЙТЫСКЕР АҚЫН СЕРІК ЫДЫРЫСОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Елімізге белгілі ақтангер айтыскер, ақын, ұстаз, Қорқыт ата мемлекеттік уинверситетінің доценті  Серік Ыдырысов биыл 60 жасқа толып отыр.
Міне, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы өзінің еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген  мерейгерді аудан әкімі Сұлтан Мақашов қабылдап, асқаралы 60 жасымен құттықтады. Сонымен бірге, туған жер әлеуетінің, оның ішінде Сыр мәдениетінің дамуына қосқан сүбелі үлесіне ерекшелеп, Құрмет грамотасымен марапаттады, ата-салт дәстүрімен иығына шапан жапты.
Шара барысында аудандық және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағалары Қаршыға Есдәулетов пен Жақсыбай Жәкеев, мәдениет саласының ардагері Үрзахия Махамбетовалар мерейгерге жылы лебіздерін білдіріп, өнегелі өмір жолынан естеліктер айтса, сөз кезегінде Серік Махмутұлы осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғаусыз алғысын айтты.
                                                                                                              Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
20 маусым 2018 ж. 3 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 674
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031