» » МАЙДАНГЕРЛЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

МАЙДАНГЕРЛЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Сұлтан Мақашов Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Қуанышбай Бисембаев пен Қалмырза Жармановтардың шаңырағында болып,  жаңа  жыл мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Аудан басшысы майдангерлерге елімізде, оның ішінде өңірімізде Мемлекет басшысының  ел экономикасы мен туған халқының әлеуетін арттыруға негізделген сара саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан іргелі істермен таныстырып, бар саналы өмірін ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесі мен туған жердің өсіп-өркендеуіне арнап, бүгінде сол еселі еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлықтар туралы айтты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов майдангерлерге өзінің мерекелік жылы лебізін білдірсе, сөз кезегінде соғыс ардагерлері Қуанышбай Бисембаев пен Қалмырза Жармановтар осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға ағалық алғаусыз алғыстарын айтып, өздерінің  мерекелік ыстық ықыласын жеткізді.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
03 қаңтар 2018 ж. 2 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728