» » МОЛДАХМЕТ ЖЫРАУ КӨШЕСІ

МОЛДАХМЕТ ЖЫРАУ КӨШЕСІ

1993 жылы аудан әкімі жақай Бодықбаевтың Жосалы кенті мен аудан аумағындағы барлық елді мекендегі әлеуметтік нысандар мен көше атау­­­­­ларын заман талабына сай атауларын өз­герту­ге байланыСты №7 шешімімен Гоголь көшесі Сыр сүлейі Молдахмет Дабылұлы атымен аталды.
Басы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептен басталып, аяғы «Жалағаш-Жосалы» автожолымен шектесетін көшеде қырыққа жуық отбасы тұрады және «Сардарбек» жеке балабақшасы тұрғындарға қызмет көрсетеді.
1893 жылы Ақтөбе ауылында дүниеге келген Молдахмет Дабылұлы жас кезінде Ораз ахуннан діни сауат ашып, өлең-жырға құштар болып өсті. Тасберген, Кете Жүсіп, Тұрымбет пен Шораяқтың Омары, Тұрмағамбеттің термелерін жоғары деңгейде орындаған. Оның жырау болып қалыптасуына даңғайыр ақын Даңмұрын әсер еткен.
Елге жырау-термеші ретінде танылған Молдахмет Дабылұлы тек жырау ретінде ғана емес, халық арасында ақындық қасиетімен де танылған тұлға. Ақынның «Қазақстан тойына», «Өнегелі іс», «Қашқансу туған ауылым», «Торы жорға», «Жаңа ауыл Ақтөбем», «Кемді күн» және басқа да өлеңдері халық жүрегінен орын алды.
Сондай-ақ, даңқты батыр, халық арасында Келте тонды Келмембет есімімен ел-жұртқа танылған Келмембет батыр жайлы жазған «Сарықасқа атты Келмембет», Кете руының Ақкөбек аталығының Шыбық есімді аруының өмірі. Оның баласына айттырып келген Тапбай деген сол аймақтың болысымен қақтығысын, қайсар қыздың батырлығы мен сөз тапқырлығын, махаббатқа деген адалдығын суреттеген «Шыбық қыз» бен досы Серәлі екеуінің басынан өткен оқиғаны суреттеген «Жастық шақ» және басқа да дастандары да тыңдармандар тарапынан үлкен қолдау тапты.
Өзінің өлең-жырларымен кедей-кепшіктен қолдау тапқан Молдахмет Дабылұлы кедей табының көсемі Ленин бастаған большевиктер партиясы үкімет басына келген соң, елді еңбек етуге, ұжымдастыру жұмысына белсене араласты. Ол «Екпінді» ұжымшарының төрағасы қызметін атқарып, өңірде алғашқы серіктестіктер мен қосшы ұйымдарын ұйымдастыруға атсалысты.
Жырау, қайраткер Молдахмет Дабылұлы 1941-1945 жылдары қарттар мен әйелдер, кәмелетке толмаған балалармен бірге жеңісті жақындатуға үлесін қосты. Ол аудан, ауыл өнерпаздарымен бірге халықтың рухын көтеруде концерттік бригада ұйымдастырып, халықты еңбек етуге үндеді. Сонымен бірге, сол жылдары ұйымдастырылған айтыстарға қатысып, елдегі, оның ішінде ауыл шаруашылығында орын алған кемшіліктерді ақындық тілмен өткір сынға алады. Молдахмет жыраудың жалағаштық ақын Төлеубай Үркінбаевпен, қармақшылық ақын Машарап Оспановпен айтыстары аудандық, облыстық газеттерде жарияланды. 1942-1943 жылдары Молдахмет Дабылұлы облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, марапатқа ие болды.
Молдахмет Дабылұлы ұлттық мұраны жинап, оны келешек ұрпаққа жеткізуде үлкен еңбек сіңірген фольклоршы.
Дүлдүл жырау ҚазКСР Жоғарғы және облыстық атқару Кеңестерінің құрмет грамоталарымен, басқа да марапаттарына ие болды. Бірнеше рет ауылдық, аудандық кеңестерге депутат болып сайланды. Даңғайыр ақын, жырау Молдахмет Дабылұлы 1946 жылы 53 жасында өмірден озды.
25 тамыз 2018 ж. 2 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031