» » ОРАЗ АХУН КӨШЕСІ

ОРАЗ АХУН КӨШЕСІ

Өңіріміздегі барлық елді мекені мен Жосалы кентіндегі мекемелер мен көшелердің атауларын қазіргі заман талабына сай оңтайландыру мақсатында1992 жылдың 12- маусымында аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың №192 шешімімен бұрынғы «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы көше Ораз ахун болып өзгертілді.
Теміржол өткелі, Нұртай және Абай көшелерімен қиылыса бастау алып, аяғы Қ.Жолдыбаев көшесімен тұйықталатын Ораз ахун көшесінде Тұрымбет Салқынбаев атындағы аудандық әуез мектебі, «Туған ел келбеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сонымен қатар бірнеше сауда-саттық, көлік жөндеу стансалары, басқа да кәсіпкерлік нысандар тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Ораз ахун 1836 жылы Жалағаш ауданынан қарасты Аққыр ауылында дүниеге келген. Бала жасынан ауыл молдасынан діни сауат ашып, өсе келе талай діни ғұламалар білім алған Бұхара қаласындағы «Көкілташ» медресесінде ілім ала жүріп, қасиетті Құран Кәрімді толық меңгеріп шығады. Тіпті, араб тілін де тереңінен оқып, «Төрекей» атты екі томдық кітап жазған. Ол «Көкілташ» медресесін бітірген соң, яғни шамамен 1860-1860 жылдары туған еліне оралып, Қалдан батырдың қолдауымен салынған «Сарықұм» мешітінде ауыл балаларын діни білімге баулыйды.
Сол жылдары ғұлама ұстаздан «Сарықұм» мешітінде діни сауат ашқан Тоқсанбай, Әлібай, Әбдікәрім, Са­дық, Шаймағамбет, Қожабай мен Алдашбай, Ақмырза сынды елге танымал ахундар кейіннен өздері де осы ұлы жолды таңдап, шәкірт тәрбиелеген. Бар саналы өмірін дін жолына арнаған. Олардың барлығы да ұстаздары сияқты «Көкілташ» және «Мир араб» медресселерін тәмамдаған. Бәрі де Ораз ахунды өзіне ұстаз тұтқан. Тіпті, көптеген Сыр шайырлары да ахунның өнегелі өмірін жырға қосып, құрмет көрсеткен. Көнекөз қариялардың айтуынша Ораз ахунға Мұхаммед­ есімі кейіннен берілген екен. Аңыздар желісіне сүйенер болсақ, шәкірт Ораз «Көкілташ» медресесінде білім алып жүргенде ұстазы Бақа қожа тәртіпті де ұқыпты, ілімге алғыр Оразға қызғанышпен қарап, іштерінен тынып жүрген өзге шәкірттерін алдына шақыр­тып, әрқайсысының қолына ұн елегін ұстатып, сол елекпен бөшкеге толтырылған суды алысырақ тұрған ыдысқа тасуды тапсырады. Ұстаздың бұл тапсырмасын орындамасқа амалы болмаған шәкірттер қолына ұстаған елегімен манағы айтқан үлкен ыдыстағы суды төгіп-шашпай таси жүгіреді. Әрине, олардың арасында Ораз да болады. Бірақ, манағы келеке еткен шәкірттермен бірге жүгірген Ораз ұстаған електен бір тамшы су жерге төгілмей, ыдысқа құйылады. Бұл көрініске таң болған манағы келеке етушілер күндер өте Ораздың су тасу алдында зікір салғанын біліп, оны келемеждеуін қойған екен. Ал, ұстазы болса шәкіртінің осындай қасиетін бағалап, оның есіміне Мұхаммед деген есімді тіркестеп, медресе шәкірттеріне Оразды бұдан былай Ораз-Мұхаммед ахун атауды тапсырыпты.
Иә, діни білімімен туған елінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, жағымды істерімен ел есінде қалған Ораз ахун жайлы айтылып жүрген аңыздар көп.

Ораз ахунның ұрпақ­та­ры мен шәкірттері де білімді, елге сыйлы бол­ған. Жиырма бір жасында кітап жазған ахунның жары жиыр­ма екі құрсақ көтерген деседі халық. Оның ұлы Халиладан тара­ған ұрпақтар бар.
Жыр жампоздары Ешнияз сал, Балқы Базар мен Дүр Оңғар мен Тұрымбет, Тасберген мен Шораяқтың Омары, даңғайыр ақын Тұрмағамбет және басқа да талайды таңдай қақтырған жыраулар Ораз ахун мен оның шәкірттерінен дәріс алған.
31 шілде 2018 ж. 2 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031