» » ҚАРМАҚШЫ КӨШЕЛЕРІ

ҚАРМАҚШЫ КӨШЕЛЕРІ

Басы теміржол  өткелінен басталып, аяғы Жосалы кентіне кіреберіске дейін созылған, көше бойында «Қазтелеком», аудандық Кірістер басқармасы, Халыққа қызмет ету орталығы мен  аудандық мұрағат, сонымен бірге аудандық музей мен «Аққайың» балабақшасы сынды әлеуметтік нысандармен бірге, өңір тұрғындарына кәсіптік қызмет көрсетіп келе жатқан «Айқын», «Қармақшы» мейрамханалары мен «Алма ата» қонақ үйі, «Думан», «Сырдария», «Жандос»  және басқа да сауда орталықтары орналасқан  ұлт данышпаны Абай Құнанбаев атындағы көше бар.
Бұған дейін, яғни Кеңес Одағының  қоғам және мемлекет қайраткері  Яков Свердлов атымен аталған көше 1992 жылы Қармақшы ауданының әкімі  Ж.Бодықбаевтың  5 наурыздағы №14 шешімімен Абай Құнанбаев атындағы көше болып өзгертілді.
Абай  Құнанбаев ата-анасы азан шақырып қойған есімі Ибрагим Құнанбайбаласы 1845 жылы ел шығысындағы Семей өңірінде, яғни Абай ауданы, Шыңғыстау  елді мекенінде дүниеге келіп, 1904 жылы сол өңірден мәңгілікке мекен тапты.
Ол бала жасынан ауыл молдасынан, кейіннен Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесінде діни сауат алған. Жастайынан ақындықты өміріне серік етіп, өсе келе  өз елінің тағдырын өлеңі арқылы билік пен халыққа жеткізіп, үстем тап өкілдерінің кері істерін әшкерелейді.  Сонымен қатар,  Абай шығыс классиктері Низами, Сағди, Физули мен Науаи, сондай-ақ А.Н.Толстой, Н.А.Некрасов, Ф.М.Достаевский, А.С.Пушкин мен И.С.Тургенев сынды орыс ақындарының шығармаларын оқып, батыстың  Гете мен Байрон, Спиноза және Дарвиндей ғалымдардың еңбектерін зерттеп, оларды  қазақ халқына таныстырған данышпан ақын. 
12 маусым 2018 ж. 5 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930