» » ҰЛТ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТОЙ

ҰЛТ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТОЙ

Күллі Түркі жамағаты ұлықтаған әз Наурыз мерекесін қасиетті Қармақшы елінің жұрттылығы да жоғары дәрежеде атап өтті.
Аймақтаға барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже пісірілді.Ұлттық спорттық ойындар ойналып, өнерпаздар салт-дәстүрімізді паш ететін көріністер ұйымдастырды.
Оған айғақ, мереке күні 1993 жылдан бері үзіліссіз әз Наурыз мерекесін дәріптеп келе жатқан, есімі елімізге белгілі этнограф-зерттеуші Әлқауат Қайнарбаев атындағы көше тұрғындары биылғы жылы да мерекені ерекше өткізді.
Мерекелік шарада көшенің байырғы тұрғындары Қалжан Ұзынжасова, Амандық Алтынбасов, Смағұл Қауысов пен Күлжан Сайтова, амандық Ұзынжасовтар көше тұрғындары мен қонақтарын әз Наурыз мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара барысында ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Смағұл Қауысов көше тұрғындары Ұзынжасов Арслан мен Гүлнұрдың баласы Гүлдананың тұсауын кесіп, жас сәбиге аталық ақ батасын берсе, өнерпаздар әсем әндерімен мерекені әрледі.
Сондай-ақ шарада спорттық ойындар, атап айтар болсақ, гір тасын көтеру жарысы ұйымдастырылып, оның қорытындысымен 16 келілк гір тасын 70 рет көтерген Абай Оспанов жеңімпаз атанса, одан кейінгі орындарға берік Бәлібаев пен Бағдат Әлкешов, қол күресі жарысында Әсет Наурызбаев, Қожамберді Ағыбаев және Самұрат Әбілдаевтар жарыс жүлдегері атанды. Ал, арқан тарту жарысы бойынша «Стадион» командасы жеңімпаз деп танылса, қалған орындарды «Нұрлан» және «Қайнарбаев» комнадалары иемденді. Сонымен қатар, жарыс барысында асық ату және ләңгі тебу жарыстары да ұйымдастырылып, жүлдегерлер естелік медальдар мен сый-құрметке ие болды.
Жұртшылыққа осындай керемет көтеріңкі көңіл-күй сылаған мереке барысында тұрғындар оны ұйымдастырушы Раушанбек Наурызбаев, Сабыр Қайнарбаев, Бақытбек Қайырбеков, Қайрат Маратұлы және басқа да азаматтарға алғаусыз алғыстарын айтып, Наурыз көжеден дәм татты.
Нұрбай Жанәділов.
23 наурыз 2018 ж. 1 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728