» » Балабақшада Наурыз мерекесі аталып өтті

Балабақшада Наурыз мерекесі аталып өтті

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі шара бүгін «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Теміржол» бастауыш партия …ұйымына қарасты Т. Көмекбаев атындағы 250 мектеп-лицей жанындағы «Балапан» шағын орталығы топтық ұйымында өткізілді.Бұл дәстүрлі шараға дайындық тобы, тәрбиешілер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, №250 мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мырзабаевтардың құттықтау сөзімен ашылған шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Шағын орталықтың «Ромашка» тобының кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Қамажай», «Адай» биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар күрес, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «келін түсіру», «тұсау кесу», «баланы бесікке салу», «шашу» шашу сынды ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Балабақша меңгерушісі Н.Әлжанова бүгінгі шараның қонақтарын, ата-аналарды, балабақша ұжымын, кішкентай бүлдіршіндерді ақ тілегін айтып құттықтады. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.




19 наурыз 2018 ж. 5 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930