» » Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ

Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ

Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер дегендей бүгін «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі жанындағы «Балапан» шағын орталығында «Үздік тәрбиешіге көмекші-2018» сайысы болып өтті. Сайысқа «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты Г.Жалелова, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының есепшіс…і Г.Бисенқұлова, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Райымбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мырзабаевтар қазылық етті. Сонымен қатар шағын орталықтың қызметкерлері, ата-аналар, балалар қатысты. Аталған сайыс өздерін таныстыру, өз өнерлерін көрсету, қызым саған айтамын.. қойылым, салат жасау, шаш өруде бір өнер бойынша 5 кезеңнен тұрды. Әр тәрбиеші көмекшінің өз тобынан бір бүлдіршін қызбен бірге қатысып, қасындағы қатысушы қызбен үйлесімділігі мен тіл табыса, бірлесе жұмыс жасауы сайыс барысында назардан тыс қалмады. Сайысқа «Балапан» кіші тобының тәрбиеші көмекшісі А.Тасыбай тәрбиеленуші Ш.Нұрғазымен, «Радуга» тобынан Ж.Өтемұратова В.Зұлпыхармен, «Еркемай» тобынан А.Төлеубаева Ж.Жиеналиевамен, «Ақжелкен» тобынан Л.Омарова Л.Әбдіқайыровамен, «Ромашка» тобынан Г.Қаражанова Ж.Тоқшылықовалармен аталған бес тур бойынша мың бұралған биімен, әсем әнімен және шеберліктерімен өз өнерлерін көсетті. Сайыс соңында қазылар алқасы «Шебер», «Ибалы», «Талапты», «Бала жанының бағбаны» номинациясы бойынша тәрбиеші көмекшілерін марапаттаса, Г.Қаражанова «Үздік тәрбиеші» мадақтамасымен бас жүлдені иеленіп, барлығына сый сияпат көрсетілді.
03 наурыз 2018 ж. 3 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031