» » ҚОРҚЫТ АТА КӨШЕСІ

ҚОРҚЫТ АТА КӨШЕСІ

Кеңестер Одағы кезінде ұлт көсемі В.И. Ленин есімімен аталған бұл көше еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 1997 жылдың 9-маусымында аудан әкімі Бекмырза Еламановтың аудандағы көше атауларын өзгерту туралы  №475 шешімімен күллі түркі жұртының абызы Қорқыт ата көшесі болып өзгертілді.
Қорқыт ата көшесі –  Жосалы кентіндегі заман талабына сай әрленген көшелердің бірі. Басы орталық алаңнан басталып, аяғы Қараөзек пен Сырдария өзені тоғысқан жерге дейін жалғасатын көше бойында Жосалы кенті әкімдігі мен аудандық прокуратура, білім бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сонымен бірге жер қатынастары, ветеринария бөлімдері,  «Қармақшы» селолық тұтыну кооперативі, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Ораз ахун» мешіті, Әбзәли Егізбаев атындағы №121 орта мектеп пен «Тоғжан» балабақшасы, сонымен қатар тұрғындарға түрлі кәсіптік және әлеуметтік қызмет көрсететін сауда-саттық, әлеуметтік нысандар орналасқан.
Қорқыт ата – оның өмірін зерттеушілердің пайымдауынша Х ғасырда Сырдария өзені бойын мекендеген оғыз-қыпшақ тайпасында  дүниеге келген.
Қорқыт ата ел арасында бірлікті нығайтуға арнаған қайраткер, түркі әлемінің дүниетанымының негізін қалаушы ғұлама ойшыл, философ-гуманист ретінде танылған тұлға. Сонымен қатар,  ол түркілер арасында алғашқы болып шыққан сәйегей бақсы, күйшілік және жыршылық өнердің негізін қалаушы өнер иесі.
Қорқыт абыздың «Ұшардың ұлуы», «Башпай», «Елім-ай», «Желмая»,  «Қорқыт» және басқа да күйлері бүгінге дейін жеткен.
Ұлы дала абызы Қорқыт атаға арнап салынған мемориалдық кешен Жосалы кенті аумағындағы Қорқыт стансасы маңында орналасқан.
Мемориалдық кешенде соққан желге үн қосатын қобыз композициясы мен анфитеатр, сонымен бірге музей жұмыс істейді.
Қорқыт ата мазары-Қорқыт стансасынан 3 шақырым жерде болатын, бірақ 1925 жылы мазарды Сырдария өзені толған кезде шайып кеткен. Мазардың бұрынғы орнына мемориалдық есткерткіш белгі орнатылған.
23 маусым 2018 ж. 1 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031