БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІ
Бұрын Жосалы кенті тұрғындары Қызыләскер атауымен атаған көше 1992 жылдың 5 наурызындағы аудан әкімі Ж.Бодыбаевтың Жосалы кенті орталығындағы және аудан елді мекендеріндегі көше атауларын өзгерту туралы №14 шешімімен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы көше болып өзгертілді.
Бүгінде басы Ә.Қайнарбаев көшесінен басталып, аяғы Сырдария өзені жағалауында орналасқан «Этноауыл» саябағымен шектесетін батыр атындағы көшеде «Достық» автовокзалы мен сауда орталығы,сонымен қатар түрлі мақсаттағы шағын сауда дүкендері тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1932 жылы әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын өтейді. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Ұлы Отан соғысы жылдары ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкының командирі қызметін атқарады. Мәскеу қаласын жаудан қорғаудағы ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизия солдаттары жау қорғанысын талқандайды. Бауыржан Момышұлы 1942 жылы полковник шеніне көтерілді. 1945 жылы даңқты қолбасшы І Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды.
Ерліктері үшін екі рет І дәрежелі «Қызыл Ту», «Ленин», «Отан соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Б. Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы Жарлығы шықты. 1948 жылы Бауыржан Момышұлы генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. Б.Момышұлы 1955 жылдан ҚазКСР Жазушылар Одағының мүшесі атанды. 1982 жылы 10 маусымда қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы Алматыда дүниеден өтті.
Көзі тірісінде қазақ халқына тек батыр ретінде ғана емес, қаламы қарымды жазушы ретінде де танылған Бауыржан Момышұлы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» және генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы мен «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды.