ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті. 1992 жылы 7 мамырда Елбасы Н.Назарбаев ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бері, бұл күн мемлекеттік мерекелердің санатына енгізілді. Биылғы жылы айтулы мерекеге 26 жыл толып отыр. Жыраулар үйінде өткен салтанатты жиынға аудан тұрғындары қатысты. Шараға қатысушыларды Отан қорғаушылар мерекесімен аудан әкімінің орынбасары М.Самитов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н.Қайырлапов құттықтады. Сондай-ақ, ауданның көркем өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, шара соңы патриоттық әндер сайысымен жалғасты.
Пікір 96