» » » «Жеңіске рух берген әндер» әскери-патриоттық әндер байқауы болып өтті

«Жеңіске рух берген әндер» әскери-патриоттық әндер байқауы болып өтті

Қармақшы ауданындағы Жыраулар үйінің ауласында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жеңіске рух берген әндер» атты жастар арасында әскери-патриоттық әндер байқауы өткізілді. Ұлы Жеңістің 73 жылдығы құрметіне арналған бұл сайысқа 8 талапкер қатысты.
Ән байқауының негізгі мақсаты – Жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға-апаларымыздың көрсеткен ерлігін, бүгінгі бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан жас ұрпаққа насихаттау. Олардың патриоттық санасын қалыптастырып, жаңа ұрпақтың отаншылдық санасын тереңдете түсіп, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру болатын. Жас ұрпақтың бойынан соғыс ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру, Отан сүйгіштікпен көпұлттылықты насихаттау, өскелең ұрпақты туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ән байқауының қорытындысында бас жүлдені Руслан Ризманов жеңіп алса, байқоңырлық Рзаева Роза бірінші орынды иеленді. Екінші жүлдені Смайлов Әділет пен Тәңірберген Шыңдалиев жеңсе, үшінші жүлде Санақбаев Бағдаулетке бұйырды. Байқау соңында қатысушы талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ж.Нұрпейсова,
Бірлестік қызметкері
06 мамыр 2018 ж. 2 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 347
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930