» » » ҰЛТ РУХЫН ЖЫРМЕН ТЕРБЕГЕН ФЕСТИВАЛЬ

ҰЛТ РУХЫН ЖЫРМЕН ТЕРБЕГЕН ФЕСТИВАЛЬ

Ауданда өнер мен өлең өрнегін тоғыстырған үлкен рухани шара «Рүстембек жырдың бұлбұлы, Әзірбек сөздің дүлдүлі» тақырыбында облыстық жыр фестивалі жоғары деңгейде өтті. Сыр өңірінің түкпір-түкпірінен келген жыр жүйріктері мен сөз өнерінің саңлақтары бас қосқан бұл мерейлі жыр додасы ел руханиятын дәріптеп, жыраулық дәстүрдің жаңа тынысын ашқандай болды.
Фестивальдің басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан жыраулық өнерін насихаттау, жас буынға өнеге ету және дәстүр сабақтастығын сақтау.
Жыр кешінің шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы жыршылық дәстүр – ұлттың рухани өзегі екенін атап өтіп, қатысушыларды құттықтап, ұлт руханияты үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жыршы қауымға алғысын жеткізді.
Жыр мерекесіне аймақтың белгілі жыршыларымен қатар, жас таланттар да қатысып, сахна төрінде Сыр бойының дәстүрлі жыр мектептерінің үлгісін көрсетті. Олардың орындауында халық жырауларының мұралары, Сыр елінде бір туған дарабоздардың толғаулары мен термелері шырқалды. Сахна төрінде жыр мен күй кезектесіп, көрермен көңілін тербеді. Әрбір орындаушы өз мәнерімен, өз үнімен Сыр мектебінің биік мәдениетін айқындай түсті.
Кеш барысында Рүстембек Жиенбайұлы мен Әзірбек Ақшолақовтың өмірі мен шығармашылығына арналған жырлар мен толғаулар орындалып, жыр мұрасының ұрпақ сабақтастығы кеңінен насихатталды. Фестиваль соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлық табысталып, жыраулар өнерін жалғастырып жүрген жас буын өкілдері марапатталды.
Жыр кешінде көпшілік бұл өнердің мәңгілік екенін, ұлт рухының жырмен өрілетінін тағы бір сезінді. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Қармақшы жұртшылығы үшін бұл күн шын мәнінде рухани мереке, ұлттық мұраның жаңғыру күні болды.
«Қт» ақпарат
12 қараша 2025 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031