» » » ШӘМШАТ ТӨЛЕПОВАНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЖЫР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШӘМШАТ ТӨЛЕПОВАНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЖЫР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


Аудандық жыраулар үйінде қазақ жыраулық өнерінің көрнекті өкілі Шамшат Төлепованың 95 жылдығына арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық жыр фестивалі өтті.

Фестивальдің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Шамшат Төлепованың өнегелі өмір жолына, ұлттық өнерге қосқан баға жетпес үлесіне тоқталды. Ол жыраулық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуының маңыздылығын атап өтіп, Сыр бойының жыршылық мектебі – қазақ мәдениетінің алтын қазынасы екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жыр сайысында 11 жыршы қыз-келіншек өнер көрсетіп, өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етті. Олардың терме-жырлары ұлттық мұрамыздың тереңдігін танытып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Фестивальдің басты мақсаты – жыраулық дәстүрді насихаттау, ұлттық өнерді дамыту және кейінгі буынға дәріптеу. Жыршылардың орындауында Шамшат Төлепованың шығармашылығы мен Сыр өңірінің жыршылық мектебі жаңғырып, қазақ өнерінің үздіксіз сабақтастығы айқын көрініс тапты.

Фестиваль соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл шара өнерсүйер қауым үшін рухани азық, жас жыршылар үшін тәжірибе алаңы болды.

13 наурыз 2025 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930