» » » Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары

Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары

Бүгін К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шәмшат Төлепованың құрметіне арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты қыз-келіншектердің облыстық жыр фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – әйгілі Сыр сүлейлерінің тұяғы, шайырлардың тоқсан толғамды жыр дастандары мен жыраулардың мың сан иірімді мақам-саздарын өмірінің соңына дейін қолынан ақ домбырасын тастамай туған халқына жеткізіп кеткен, көмейінен күміс төгілген Шәмшат Төлепованың жарқын бейнесін мәңгі есте қалдыру, дәстүрлі жыраулық өнерді дәріптеу, ұлықтау болып табылады.
Шараны аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов ашып, қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Фестивальге қатысушы 13 жыршы-жырау қыздарымыз құт қонған қасиетті Қармақшының аспанын баба жырымен әуелетіп, жақұт жырларымен ел жүрегін тербетті. Шара соңында фестиваль қатысушылары аудан басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
19 наурыз 2024 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930