Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары
К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде жыраулық өнердегі шоқтығы биік Шәмшәт Төлепованың 90 жылдығына арналған жыршы-термеші қыз-келіншектер арасындағы «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық жыр фестивалі өткізілді.
Фестильге Қармақшылық ұстаз жырау Зауре Кәрібаевадан бастап Алматы қаласынан арнайы жыр шашуымен келген Мариям Кетебаева, Қызылорда қаласынан Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Нұр-Сұлтан қаласынан келген Күнсұлу Түрікпен, айдынды Аралдан Гүлжамал Бейісова, Қармақшылық жыршылар Айгерім Ешбаева бастаған Малика Алдамжарова, Ақсұңқар Бүркітбай, Жұлдызай Тұрлығұлова, жас жыршылар Мархабатова Шұғыла, Оңғарқызы Арай, Амантай Айданалар Шамшат апамыздың 90 жылдығына арналған арнау жырларынан шашу шашты. Жыр фестивалін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жырау Бидас Үрістембеков пен ұлы Еркін Атабаев естелік сөздерін айтты.
Сахнада сұлу сырдың саздарын әуелетіп, жыраулық дәстүрді дәріптеп жүрген жыр-жауһарлары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аудан әкімінің орынбасарының алғыс хатымен және сый-сияпаттармен марапатталды.