» » » ТЕРМЕШІЛЕР ТАРТУЫ

ТЕРМЕШІЛЕР ТАРТУЫ


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты  аудандық мәдениет үйінде К.Рүстембеков атындағы жыраулар үй шәкірттерінің «Тәуелсіздікке тарту» атты есепті концерті өтті. Оны жыраулар үйінің директоры,  Серік Жақсығұлов жүргізді. 

Шараның ашылу салтанатында жырау­лар үйі директорының орын­­басары Бидас  Рүстембекұлы, «Рүстембек  жырау» үйірмесінің  же­тек­шісі – Балтабай  Бедебаев, «Базар  жырау» үйірмесінің  жетекшісі – Берік Аққалиевтар жыр моншағын төкті. Аға буын өкілдерінен соң жас жыршы-термеші Артур Шалқарұлы, Гаухар Ахметова, Диас Оңғарұлы, Нұрсұлтан Төреханов, Шұғыла Мархабатова, Арай Оңғарқызы, Ұлдана Ахметова, Меруерт Ұзақбаевалардың өнері тамашаланды. Сондай-ақ, айтулы концертте «Жыр жауһары» фольклорлық ансамблінің орындауында «Көксерек», «Әлқисса», «Тәлім» шығармасы тың­далса, жыраулар үйінің түлектері Ақсұңқар Бүркітбай, Малика Алдамжарова, Жұлдызай Тұрлығұлова, Тоғжан Бақытова, Руслан Өтегенов, Алмат Азаматовтардың да жыр-термесі көрерменнен жоғары бағасын алды. Бір айтарлығы концерт қонағы – «Мен  қазақпын» республикалық мегажобасының жеңімпазы Күнсұлу Түрікпен мен елімізге танымал кәсіби қобызшы Марат Сүгірбай жырдан шашу шашты.    
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
24 желтоқсан 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 917
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930