» » » Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары

Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары

qarmaqshy-tany.kz ЖУЫРДА ШӘМШАТ ТӨЛЕПОВА АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ, КӨШЕНЕЙ РҮСТЕМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛАР ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АЙМАҒЫМЫЗДА ДӘСТҮРЛІ ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕР ЖОЛЫНА ТҮСКЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ КӨШБАСШЫСЫ, СЫР СҮЛЕЙЛЕРІНІҢ ТОҚСАН ТОЛҒАМДЫ ЖЫР ДАСТАНДАРЫ МЕН ЖЫРАУЛЫҚ МАҚАМ-САЗДАРЫН БАЛА ЖАСЫНАН БАСТАП ӨМІРІНІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛЫНАН ҮКІЛІ ҚАРА ДОМБЫРАСЫН ТАСТАМАЙ ТУҒАН ХАЛҚЫНА ЖЕТКІЗГЕН ЖЫР ДҮЛДІЛДЕРІНІҢ ІЗБАСАРЫ – ШӘМШАТ ТӨЛЕПОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДОМБЫРАСЫН МОНШАҚТАҒАН ЖЫР ЖАУҺАРЛАРЫ» АТТЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ЖЫР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.
Қармақшы өлкесі өлең-жырдың бесігі саналған киелі мекен. Осы өлкеде жыршыжыраулардың көшін жалғастырушы, есімі елге танылған жыр жампозы Шәмшат Төлепова жыраулық өнерді саналы өміріне серік етіп, көптеген жас өнерпазды қазақтың киелі қара домбырасының күмбіріне бөлеп, атадан-балаға аманат болып келе жатқан өнердің дамуына үлкен еңбек сіңірді.
Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иесі, І-ІІ Бүкілодақтық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы, «Ғасырдың өнер шебері» атағының иегері.
«Сыр бойында Шәмшат бар,
Домбырасын моншақтар.
Қыз едім деп қымсынбай,
Жорғадай басып алшақтар», – деп ақын Әлиакбар Жұматаев жырлағандай, оның жыр-терме сыныбынан дәріс алған Ақерке Өтепбергенова, Жарқынбек Тұрымбетов, Бақыткүл Ысқақова және басқалар еліміздің жыр сүйер қауымының сүйікті жыршыларына айналып, ұстаз мәртебесін көтеріп келеді.
Фестивальді аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев ашып, Шәмшат апайымыздың өмір жолынан естелік айтып, өнер бәсекесіне қатысушы жыршы қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді.
Мына жағы Қаратау бөктерінде орналасқан Жаңақорған, енді бір шеті айдынды Арал өңірінен келген жыршы қыз-келіншектер фестиваль ережесінің талаптарына сай Сыр өңірі ақындары мен жырауларының шығармаларын, Шәмшат Төлеповаға арнау жырларын Сыр жырауларының мақам-сазымен нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тағылымы мол болып өткен өнер фестивалінің соңында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Шәмшат апамыздың ізін жалғаған жыршы қыз-келіншектерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
04 сәуір 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 120

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930