» » Ауданда облыстық қыз-келіншектердің жыр фестивалі өтті

Ауданда облыстық қыз-келіншектердің жыр фестивалі өтті



Ауданда белгілі жырау Шәмшат Төлепованың өнегелі өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық қыз-келіншектердің жыр фестивалі өтті.
Айтулы іс-шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы ашып, іс-шараға қатысушы жыршы-жырауларға сәттілік тіледі.
Сыр сүлейлерінің мұрагерін дәріптеген тағылымды іс-шараға Ш.Төлепованың артынан ерген ізбасар жыршы-жырау қыз-келіншектер қатысып, жиналған жыр сүйер қауымға, жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті.
Фестивал соңында әкімінің міндетін атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы барша қатысқан жыршы жырауларға ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, іс-шараға арнайы қатысқан Шәмшат Төлепованың ұрпақтары ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ықылас лебізін жеткізіп, алғысын білдірді.

04 наурыз 2022 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 273
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 432

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30