APTA AǴYMYNDA

Жырау құрметіне арналған жыр кеші

К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде жырау Шамшат Төлепованың 90 жылдығына арналған "Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары" атты дәстүрлі қыз-келіншектердің жыр фестивалі өтті.

Облыстық жыр фестивалінде қармақшылық жырау Зәуре Кәрібаева, "Нұртуған" жыр мектебінің өкілі Шолпан Бимбетова, "Нартай" жыр мектебінің өкілі Ақмарал Ноғайбаева, "Жиенбай" жыр мектебінің өкілі Мариям Кетебаева, қармақшылық Ұрхия Жұмабекова, республикалық байқаулардың жүлдегері Әйгерім Ешбаева, Арал ауданынан Гүлжамал Бейісова, Нұр-Сұлтан қаласынан Күнсұлу Түрікпен, жас жыршы студенттер Ақсұңқар Бүркітбай, Жұлдызай Тұрлығұлова, Малика Алдамжарова, Фариза Балтабайқызы, Шұғыла Мархабатова, Арай Оңғарқызы мен Айдана Амантай өнер көрсетті. Шараға Шамшат Төлепованың бел баласы Еркін Атабаев, жырау Бидас Рүстембеков, жыраулар үйінің директоры Амандық Бүрлібаев пен Еркінбек Ерсұлтанов арнайы қатысты.

– Жыр фестивалі бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл анамның 90 жылдық мерейтойы. Осыған орай аудандық жыраулар үйі облыс көлемінде шара өткізуде. Сол үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Шараға Шамшат анамыздың өнер жолын жалғаған қыз-келіншектер, шәкірттері қатысуда. Оларға сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін, – деді фестиваль шымылдығын ашқан Еркін Атабаев.

Қыз-келіншектер өнерін ортаға салған фестиваль соңында қатысушылар арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.


Аудан ардагерлері марапатталды

Халықаралық қарттар күніне орай бүгінгі таңда қызметін тоқтатқан мекеме ардагерлері арнайы марапатталды. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға кент әкімшілігі қолдау білдіріп, қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады.

– Ауданымыздың алға ілгерілеуі мен дамуына сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Бүгінде сіздер зейнеттік демалысқа шығып, еңбектің жемісін көріп отырсыздар. Бұл өмірі өнегеге толы қарттарымыздың мерекесі. Осыған орай өздеріңізді құттықтап, зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз, – деді кент әкімі Шыңғыс Сыдықов.

Жиын барысында ардагерлерге кент әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлық табысталды. Қариялар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, батасын берді.




40 шақырым жүгіріп өтті

Биыл азаматтық қорғау органдарына – 25 және Қорқыт ата мемориалдық кешенінің 40 жылдығы. Осыған орай төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мерейтойлық марафон өткізді.

Марафонда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің зіл-залалдардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы басқарманың бастығы Бақтияр Тұрманов пен Бейбіт Байниязов 21 шақырымды жүгіріп өтсе, Жандәулет Өндірей 42 шақырым 195 метрді еңсерді.

– Әріптестеріммен жүгіріп өткен марафон "бір болғанда алынбайтын қамал жоқ" екенін дәлелдеді. Ертемен басталған жаттығу спортшының күшін көбейтіп, көңіл-күйді көтереді. Сондай-ақ жеңіл атлетика жаңа белестерді бағындыруға жетелейді, – деді Бақтияр Тұрманов.




Аслан НҰРАЗҒАЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (суреттер)
06 қазан 2020 ж. 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031