» » Өнеге болсын өргенің

Өнеге болсын өргенің


Сыр өңірі – жыраулық өнердің ордасы. Сыр сүлейлерінің соқпағын жалғап, атадан келе жатқан төл өнердің туын көтеріп жүрген өнер иелеріне аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жаңа жыл мерекесі қарсаңында қабылдау өткізді. Кездесуде белгілі Жиенбай жыраудың тікелей ұрпағы әйгілі жырау Арнұр Көшенейұлы мен жас айтыскер ақын Сырым Әділбеков болды.
– Қазақ руханиятының шоқтығы биік рухани саласы – жыраулық өнер. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз жыраулық өнерін жалғастырушы, ұлттық мұрамыздың насихаттаушысы, талантты өнер қайраткері ретінде үлгі болып келесіздер. Дәстүрлі додаларда бәйге төрінен көрініп, өлкеміздегі жыраулық өнерді асқақтату жолындағы ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді аудан басшысы.
Қабылдауда Арнұр Көшенейұлына «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалі мен «Алғыс хат» табыстап, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар дәстүрлі жыраулық пен айтыс өнерін жалғастырып, іскер жас маман ретінде танылып жүрген жас айтыскер ақын Сырым Әділбеков алғыс хатпен марапатталды.
Кездесу соңында аудан басшысы мәдени рухани саланы дамытуда әрқашанда қолдау білдіретінін, «Жүз жыраудың елі» атанған қасиетті Қармақшы өлкесінде жыраулық дәстүрді әрі қарай жандыруда сәттілік тіледі.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
05 қаңтар 2021 ж. 1 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930