» » » Жыраулық дәстүр – ұлт құндылығы

Жыраулық дәстүр – ұлт құндылығы

Қазақ руханиятының асыл мұрасы, баға жетпес рухани қазынамыз, шоқтығы биік бір саласы – жыраулық өнер.

Отаншылдық сарыны тұнып тұрған жыраулар поэзиясы – туған ел мен жерге адалдықты насихаттайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында «Жаңғырудың ең басты шарты- ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіз құр жаңғырыққа айналады» деп атап көрсеткен.

Осы ретте рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарымызды танудан басталады. Ол үшін ел мен жердің тарихын білу аса маңызды, яғни тарихи сананы қалыптастыру. Сол тарихи сананы қалыптастыратын ұлт құндылықтарының бірі, ұлттық мәдениетіміздің бір саласы, ұлттың ұлы мұрасы –қазақтың жыраулық дәстүрі, яғни жыршылық, термешілік өнері.

Ал жыраулық дәстүр дегеніміз- тарихты жырлау. Елді, жерді сүюдің яғни патриотизмнің небір үлгісі осында жатыр.
Қазіргідей жаһандану заманында жат елдің идеологиясына төтеп берер күш – жыраулық дәстүр сияқты ұлттық құндылықтарымыз.

«Қазақтың болмысы жыры мен ән-күйінде» –дегенді М.Әуезов бекер айтқан жоқ. Жыр-терме ұлттың ұлы мұрасы, əрі рухани құндылық болғандықтан оны көздің қарашығындай сақтап келер ұрпаққа жеткізуіміз керек.

Әлем мәдениетінде теңдесі жоқ бұл өнердің бір тармағы – Сыр сүлейлерінің мектебі.

«Жүз жыраудың елі» атанған қасиетті Қармақшы өлкесі «Сыр елі – жыр елі» деген ұғымды берік орнықтырған киелі мекенмен сабақтасып жатыр.

Бүгін ауданымыздың мәдениеті мен өнер саласында мәртебесін асырып рухани дамуға ерекше үлес қосып жүрген, жырау –ақындарымызды қабылдадым.

Кездесуде алтынның сынығы Жиенбай жыраудың тікелей ұрпағы әйгілі жырау Арнұр Көшенейұлы мен жас айтыскер ақын Сырым Әділбеков болды.

Бүгінгі таңда Арнұр Көшенейұлы ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз жыраулық өнерін жалғастырушы, ұлттық мұрамыздың насихаттаушысы, талантты өнер қайраткері ретінде үлгі болып келеді.

Ал жас айтыскер ақын Сырым Смайылұлы дәстүрлі додаларда бәйге төрінен көрініп, жыраулық пен айтыс өнерін жалғастырып жүр.

Өлкеміздегі жыраулық өнерін асқақтату жолындағы ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, Өздеріңізге зор шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

31 желтоқсан 2020 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031