РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ
Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов жамағатқа дәстүр мен дін сабақтастығы, атап айтар болсақ, атқа міну, бүркіт ұстау, асық ойнау, кимешектің пайдасы секілді қазақ халқының исламға негізделген өмір сүру үрдісі туралы тарихтан сыр шертіп, тақырыпты жан-жақты мысалдармен өрнектеп түсіндіріп берді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, мемлекеттік бағдарламаға қолдау көрсету мақсатында, «рухани жаңғыру», «ұлттық құндылықтарымызды сақтау», «дәстүр мен дін сабақтастығы», «отбасы құндылықтары» тақырыптарына негізделген насихаттау жұмыстары апта сайынғы ауызашар уағызының жоспарына енгізіліп жамағат арасында тұрақты түрде дәріптелуде.