» » КӨШЕНЕЙ РҮСТЕМБЕКОВ КӨШЕСІ

КӨШЕНЕЙ РҮСТЕМБЕКОВ КӨШЕСІ

Жосалы кенті мен аудандағы барлық елді мекен көшелеріне жаңа атау беру мақсатындағы аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың 1992 жылдың 5-наурыздағы 14 шешімімен Жосалы кентіндегі бұрыңғы Клубная көшесі жырау Көшеней Рүстембеков көшесі болып өзгертілді.
Басы Нәсірәддин Серәлиев көшесінен басталып, аяғы бұрыңғы «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы «Мәңгілік ел» аллеясымен шектеледі.
Жыраулық өнерді атадан балаға жалғастырып, есімі күллі қазақ даласына танылған жыр дүлдүлі Көшеней Рүстембекұлы 1946 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Ол жыр жампозы Жиенбай жыраудың немересі. Әкесі Рүстембек те белгілі ақын, жырау болған.
Көшеней Рүстембеков бала кезінде Сәрсенбай жырау сыйға берген кішкене домбырамен ән айтып, әкесі Рүстембек, сонымен бірге жыр дүлдүлдері Үбісұлтан, Мұзарап жыраудың сазды әндері мен жыр-термелерін үйреніп, осы жолды таңдаған.
Көшеней Рүстембеков ауылдағы орта мектепті тәмамдаған соң, яғни 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, Ақжар ауылындағы №28 қазақ орта мектепте ұстаздық еңбек жолын бастайды. Жас та болса өзінің талабымен, өнерімен елге танылған ол көп ұзамай ел ағалары А.Тоқмағамбетов, Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаевтардың назарына ілігіп, қолдау табады. 1969 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырған қазақ фольклорына арналған халықаралық дәрежелі ғылыми мәслихатына арнайы шақыртуымен қатысады.
Көшеней– батырлар жыры, оның ішінде «Көрғұлы», «Қыз Жібек», «Қобыланды», «Алпамыс» дастандарын нақышына келтіре орындаған жырау. Сонымен бірге, оның жырлауымен Ешнияз сал, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбеттің шығармалары мен басқа да қазақ батырлары жайлы жыр-дастандары нотаға түсірілді. Ол «Құлагер» фильмінде Ақан серінің баласының рөлін сомдаған.
Көшеней көзі тірісінде өлең-жыр мен терме және бірнеше толғау жазған. Оның шығармалары әр жылдары «Қазақтың қазіргі поэзиясы», «Жамбыл және қазіргі поэзия» атты жыр жинақтарда жарияланып, тіпті орыс тіліне де аударылған.
1971 жылдың қазан айында К.Рүстембеков ҚазССР Мәдениет министрлігінің қолдауымен Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы дүниежүзілік әдебиет институтының шығыстану бөлімінің аспирантурасына түседі. Ал, 1972 жылы Түркменстан ғалымдарының арнайы шақыртуымен сол ел халқына «Көрғұлы» дастанын жырласа, осы жылы Алматы қаласында өткізілген республикалық ақындар айтысы мен Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысады.
Көшеней Рүстембеков 1973 жылдың 8-наурызында 27 жасқа толар шағында Мәскеу қаласында өмірден озды. Бүгінде аудан орталығында оның атынан көше берілсе, аудандық жыраулар үйі Көшеней Рүстембеков атымен аталады.
22 шілде 2018 ж. 3 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031