» » » НӘСІРЕДДИН СЕРӘЛИЕВ КӨШЕСІ

НӘСІРЕДДИН СЕРӘЛИЕВ КӨШЕСІ

1994 жылдың 30-қарашасында аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Жосалы кенті мен аудандағы елді мекендердің жер және көше аталарына өзгеріс енгізу мақсатындағы №278 шешімімен Водопроводная көшесі балалар жазушысы, белгілі қаламгер Нәісреддин Серәлиев көшесі болып өзгертілді.Басы Тұрмағамабет Ізтілеуов көшесінен басталып, аяғы Сүлейменов көшесімен шектелетін бұл көше аудан орталығындағы жасыл желекке бөленген көшелердің бірі.
Насреддин Серәлиев кім? Аға буын өкілдеріне бұл есім таныс болғанымен бүгінгі өскелең ұрпақ үшін ол қаншалықты таныс екенін білмейміз. Енді жазушы жайлы аздаған мәлімет берсек.
Насреддин Серәлиев – 1931 жылы Қармақшы ауданына қарасты Қашқансу ауылында дүниеге келген. Ол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қабырға газетіне өлең жазған. Он үш жасында аудандық ақындар айтысына да қатысқан. Сыр сүлейлері Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сынды даңғайыр ақындардың өлең-жырларын жаттап өскен. Ауылдағы мектепті тәмамдаған соң, ата-анасының ұйғарымымен отбасымен Қызылорда қаласына Сырдария өзені бойынан салынып жатқан Тасбөгет плотинасына көшіп келіп, Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Ал, оны тәмамдағаннан соң Сырдария ауданына қарасты Калинин атындағы колхозда бастауыш мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды.
Содан соң Қызылорда қаласындағы И.Гоголь атындағы педагогогикалық институттың тіл және әдебиет факультетінде оқып, әдебиетке деген құштарлығы арта түседі. Ал, институтты бітіргеннен кейін ол облыстық «Ленин жолы» газетінде, «Үгітші блокнотында», республикалық «Пионер» және «Балдырған» журналдарында журналистік қызмет етеді. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан» өлкелік газетінің меншікті тілшісі болып, аймақтың тыныс-тіршілігі жайлы жаңалықтар жаршысы болады. Өткен ғасырдың елуінші жылдардың екінші жартысында жазушының «Намыс», «Ақ лақпен қара лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше» және «Қаңтар» сынды жинақтары оқырманның жылы ықыласына бөленді. Қаламы қарымды қаламгердің жоғарыда аталған кітаптарынан кейін қазақ әдебиетінің ең бір шұрайлы жинақтары саналатын бірнеше повесі оқырмандардан үлкен қолдау тапты. Сондай-ақ, өзінің балалық өмірін суреттеген «Әпенді», «Қанат», «Махаббат туралы хикая», «Жансая», «Аптап», «Зеңгір аспан» повестері мен «Қоңыр қаз», «Құм адамдары», «Ақсақ киік», «Тымырсық кеш» атты әңгімелері оқырман қауымның көңілінен шықты.
Жазушы Н.Серәлиев 1965 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде бөлім меңгерушісі, ал 1968 жылдан өмірінің соңына дейін аталмыш бөлімшенің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Әдебиет саласына қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды.
Талантты жазушы, киелі Қармақшының тумасы Нәсіреддин Серәлиев 1984 жылы 54 жасында өмірден озды.
14 шілде 2018 ж. 3 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031