» » » ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ КӨШЕСІ

ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ КӨШЕСІ

Кеңестер Одағы қазақ елінде билік құрған жылдары Жосалы кенті орталығында тұрғындар есіндегі Пионер көшесі аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың 12-маусым 1992 жылғы шешімімен КСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаев болып өзгертілді.
«Қазпошта» байланыс торабы мен аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесіне дейін созылып жатқан бұл көше бойында шағын және орта кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде автокөлік қызметіне арналған шеберханалар мен азық-түлік сауда орталықтары тұрғындарға түрлі бағытта қызмет көрсетеді.
КСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаев – 1896 жылы Қармақшы ауданына қарасты №10 ауылда, яғни қазіргі Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Ол елімізге неміс фашистері соғыс ашқан 1941 жылдың қазанында өзге жерлестерімен бірге Отан қорғауға аттанады.
Туған жерді неміс басқыншыларынан азат ету барысында, яғни 1943 жылдың басында майдандастары Сарыбаев және Жарқынбаевпен бірге кезекті бір ұрыста жау әскерінің штабына басып кіріп, 12 солдат пен 2 жау офицерін қолға түсіреді. Сонымен бірге, Польша мемлекетінің Познань қаласы түбінде Тәйімбет Көмекбаев басқарған барлаушылар тобы жаудың нығайтылған бекінісіне шабуыл жасап, артта келе жатқан Кеңес әскеріне жол ашып, 37 неміс солдаты мен бірнеше шендісін қолға түсірді. Ал,1945 жылы фашистер бекінісі болған Глейвиц пен Колховици қаласында өткен ұрыста ол өзінің жауынгерлерімен бірге жаудың атыс ұясын талқандап, майдандастарының алға жылжуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 1945 жылдың 6 ақпанында неміс өзені Одерден өткен Кеңес әскері құрамында өзеннің оң жағалауында орналасқан Эйхиринд елді мекенінде орналасқан жау плацдармын талқандауға атсалысады. Ұрыс барысында ол майдандастарымен бірге жау жағынан ұйымдастырылған бес шабуылға тойтарыс беріп, өзі де Бриг қаласына кіреберісте жаудың станокты пулеметін жояды. Сол қала үшін өткен қанды ұрыста ол 60 неміс солдатын жойып,12 солдатты тұтқынға алады.
Ұлы Отан соғысында128-Псков атқыштар дивизиясының 533-атқыштар полкінің 5-атқыштар ротасында бөлімше командирі қызметін атқарған кіші сержант Тәйімбет Көмекбаев 1945 жылдың 10-сәуірінде КСРО Жоғары Қолбасшысының бұйрығымен Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Сонымен қатар, КСРО Батыры ретінде ол 1945 жылдың мамырында Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда І Украин майданы өкілдерінің құрамында Жеңіс парадына қатысады.
КСРО Батыры, Қармақшы ауданының «Ғасыр жауынгері» атағының иегері Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ұлықтауда Жосалы кенті мен өзі туып-өскен Тұрмағамбет ауылында көше атауы, сонымен бірге аудан орталығындағы №250 мектеп-лицейге және бұрынғы Жаңақала ауылына есімі берілді. Сондай-ақ, жыл сайын аудан орталығында самбо күресінен халықаралық мемориал өткізіледі.
10 шілде 2018 ж. 4 836 2

JeaCold от 18 ақпан 2019 18:03
Cialis 20 Mg De Where To Buy Tab Isotretinoin Visa levitra on line sale Buy Fluconazole Online Cialis Online Pharmacy Reviews Cialis Acheter En Ligne

Jamesclito от 28 желтоқсан 2019 04:02
privacy c rss teen chatrooms erotic milf chat into teen chatting totally free webcam sex freewebcamschat.xyzfree web cam dating gay webcam free girl webcam sex xxx files hidden cam college teen big cock cams hidden porn cameras 3d porn chat

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031