» » ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ

1992 жылдың 5-наурызында аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Жосалы кенті орталығндағы және аудан елді мекендеріндегі көше атауларын өзгерту туралы №14 шешімімен бұған дейін Октябрьдің 60 жылдығы көшесі аталып келген көше Тұрар Рысқұлов атауыменөзгертілді.Ұзындығы Сүлейменов көшесінен бастау алып, теміржол вокзалына дейін созылған бұл көше бойында «Ардагерлер аяллеясы» мен «Думан» сауда орталығы, кәсіпкер Ержан Ешниязов пен Төрехан Байғабыловтардың концеляриялық және оқу құралдарын сату, компьютерлік, сондай-ақ фото қызметін көрсету орталығы, «Ана мен бала» саябағы, «Шаңырақ» сауда дүкені мен «Марал» сән салоны, «Мағжан» дәмханасы мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актісін тіркеу бөлімі тұрғындарға түрлі бағытта қызмет көрсетеді.
Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов 1894 жылы Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.
Тұрар Рысқұл Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепті тәмамдаған соң 1914 жылы Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп шығады. 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына оқуға қабылданады. 1916 жылы қазақ даласында басталған ұлт-азаттық көтеріліске қатысса, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда ол РСДЖП құрамына мүше болып қабылданады. Ал, кейіннен Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы, Түркістан автономиялы республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады. 1919 жылы Түркістан Республикасы кеңесінің 7- съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары қызметіне сайланса, 1924 жылы РКП(б) ОК шешіміне орай ол Комитерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 1924 жылы Коминтерн атқару комитетінің Монғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалады. Сонымен бірге, ол сол жылы Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітіледі. Көп ұзамай Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітіледі. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырады. Маманданған қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында оқытуға көңіл бөлді. Ф.И.Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына қарсы шығып, Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И. Сталинге нақты ұсыныстар жасайды. Т.Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынады. Бірақ, 1937 жылы «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынады. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған ол Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болады. Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза да қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болады. Т.Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8-желтоқсанда ақталады.
02 шілде 2018 ж. 3 091 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031