» » Сән салоны ашылды

Сән салоны ашылды

Еліміздің әлем көшбасшыларының қатарына қосылу жолындағы мұраты айқын. Қол жеткізген жеңісі мен жетістіктері жетерлік. Мемлекет тарапынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында ауданымыздың өзінде ауқымды жобалар іске асуда. Соның бірі ретінде заман талабына сай аудан орталығында сән салоны ашылды. Бүгінде жеке кәсіппен айналысқанына 23 жыл Болған «Марал» сән салонының иесі Марал Кеңесқызы.
Кәсіпкер ең алғашқы еңбек жолы 1984 жылы аудандық тұрмыстық қажетін өтеу комбинатында ерлер және әйелдер шаштаразы мамандығымен бастаған. 1995 жылы халыққа қызмет көрсету мақсатында аудан орталығынан жер сатып алып кәсібін бастады. 2008 жылы «Марал» шаштаразын ұлғайтып ерлер мен әйелдерге арналған сән салоны болып қайта жаңғырып, жанұялы кәсіпке айналады. 2017 жылы М.Кеңесқызы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиеге қол жеткізіп, бүгінгі күні сән-салтанаты жарасқан, келушілерге сапалы қызмет көрсететін сән салонын ашты. Салонның ашылу салтанатына аудан әкімі С.Ысқақұлы қатысып, кәсібінің тың тынысын ашқан М.Тілегеноваға алғысын білдірді.
– Экономиканың негізгі тірегі – шағын және орта бизнес. Бүгінде кәсіп ашып, өзінің емес, елдің жағдайын жақсартуға тырысқан азаматтарға алғыс білдіремін. Жастар М.Тілегеновадан үлгі алып, кәсіп бастаудан қашпай, мемлекет берген мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Кәсіппен шұғылдану кез келгеннің қолынан келеді. Құжатын әзірлесін, несиесін алсын, жоспарлы жұмыс істесін. Бірер жылдың көлемінде табысты кәсіптің иесі атануға болады. Бастысы мақсатты жұмыс істеу. Мемлекеттен алған несиені мақсатсыз жұмсаған адам ешқашанда кәсібін дөңгелете алмайды. Кез келген кәсібін жаңадан бастағысы келген азаматқа айтарым, алдымен жоспар даярлап, кәсіп ашуға кіріс, – деді аудан әкімі.
Ашылу салтанатына ауданның зиялы азаматтары мен ардагерлері қатысты. Олар да мұндай заманауи үлгіде жабдықталған салонға табыс тіледі. Өйткені, кәсіпкер 9 жаңа жұмыс орнын ашып отыр.
– «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге көлемінде несие алып, өз кәсібімді аштым. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға үлкен жол көрсетіп отырған Елбасымызға, игі бастаманы қолдап, көмек көрсеткен аудан басшысына алғыс білдіремін. Жастарға кәсіп ашуға, сол арқылы өз-өзін жұмыспен қамтуға кеңес беремін. Нарықтық қоғамда «жеміс піссе екен, аузыма түссе екен» деп жатуға болмайды. Мына қоғам жалқаулықты көтермейді. Мемлекет берген мүмкіндікті пайдалану қажет, – дейді Марал Кеңесқызы.
Жаңа салон аудан тұрғындарына барынша қызмет көрсетпек. Өйткені, сән мен салтанат құрған жерде кәсіп те дөңгелейді.
Айнұр ӘЛИ.
13 ақпан 2018 ж. 2 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031