» » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ


Бүгінгі өткізілген есепті кездесуде аудан әкімі С. Мақашов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму-көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Ол жалпы ауданымыздың негізгі салаларда біршама оңды өзгерістерге қол жеткізгенімізді ата көрсетті.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мем­лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты.
2017 жылы қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1093,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 233,5 млн. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылды.
Бағдарламаның жобаларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатындағы мемлекеттік гранттар беру компоненты бойынша ағымдағы жылы 2 конкурсқа аудан бойынша 54 жоба қатысып, 16 жоба 10,8 млн. теңгенің грантына қол жеткізді. Бұдан бөлек, 2017 жылдың қараша айында жеке қаражат есебінен жеке кәсіпкер Рагибова Гукчак ІІІ Интернационал ауылының тұсынан «С» санатты қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтап, іске қосты. Жобаның жалпы құны 350 млн. теңге. Тұрақты жұмыспен 18 адам қамтылды.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 7 жоба 30,5 млн. теңге несие алды. Ақай ауылында «МеаПрим» ЖШС-нің күріш дәнінен жасалатын тағам түрлерін өндіру» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 8 млн. теңгеге қаржыландырылып, қыркүйек айында іске қосылды. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерден 5 жоба 84,5 млн. теңгеге несиелендірілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 133,7 млн. теңгеге 53 жоба жүзеге асырылды.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. 2017 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4135 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 пайызға артты. Олардан түскен салықтың көлемі де 274 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 112 пайызға артты.
24 қаңтар 2018 ж. 1 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031