» » ИГІ БАСТАМАЛАР ІЛКІМДІ ТІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

ИГІ БАСТАМАЛАР ІЛКІМДІ ТІРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Өткен жыл қармақшылықтар үшін табысты жыл болды. Расында да, аудан экономикасы мен тұрғындардың әлеуетін арттыруда көптеген ілкімді істер атқарылды. Ерте көктемнен тынбай еңбек еткен диқан-механизатор ауылшаруашылығы, оның ішінде күріш дақылын өндіруде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Толығырақ айтқанда, өткен тауық жылында аудан бойынша егілген 14209 гектар алқаптың әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алды. Айта кету керек құрылғанына бар-жоғы 3 жыл болған «Ақтөбе и К» серіктестігі алқаптың әр гектарынан 76,5 центнерден өнім алып, облыс бойынша үздіктер көшін бастады. Сонымен бірге, ауданымыздың дала дарабоздары 6455 гектарға жоңышқа, 1338 гектарға мақсары, 202 гектарға жаздық бидай, 597 гектарға картоп, 350 гектарға көкөніс, 551 гектарға бақша егіп, бұл бағытта да жоғары өнімділікке қол жеткізді.
Сондай-ақ, ет, сүт және бақша дақыл­дарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 14 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, оған 420 адам қамтылды.
Ал, жастар саясатын қолдау мақсатына арналған мемлекеттік «Дипломмен–ауылға» бағдарламасы бойынша 60 жас маманға көтерме жәрдемақы және 56 жас маманға тұрғын үй сатып алуға несие берілді.
Аудан әлеуетін арттыруда еңбек етіп келе жатқан құрылысшылардың да үлесі орасан. Нақтырақ айтқанда, 2017 жылы аудан бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарына 3,3 млрд.теңге, оның ішінде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 1 млрд. 506 млн теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. 806 млн. теңге, ал 39 млн. теңге аудандық бюджет бөлінді. Атап айтқанда, білім, мектепке дейінгі тәрбие беру,спорт саласы бойынша құрылысы 2016 жылы басталған нысандарды қоса алғанда 2 балабақша, 1 мектеп, 1 денешынықтыру және сауықтыру кешені, 1 демалыс лагері құрылысы жүргізілуде. 1 мектеп, 2 балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, аудан көлемінде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бойынша 2017 жылы 1 млрд. 8 млн. теңгеге 8 нысан құрылысы жүргізілді. Ал, енді осы атқарылған жұмыстарды саралар болсақ, Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы (4-кезек), Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос стансасын қайта жаңғырту жұмыстары, Дүр Оңғар, Иіркөл, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Көмекбаев және Қармақшы елді мекендерінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы жұмыстары жүйеленді. Қармақшы ауылы тұрғындары үшін көптен түйіні шешілмей келе жатқан «Қараөзек» арнасының «Қожантай» учаскесіндегі су тоспасын салу құрылысы да аяқталды.
Сондай-ақ, Ақай елді мекені тұрғындарының көптен көкейінде жүрген маңызды мәселелердің бірі жеке тұрғын үй салуға жер телімін алу болатын. Бұл мәселе де жақын арада өз шешімін табады. Нақтырақ айтқанда, Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» нысаны бойынша 158,8 млн. теңге бөлініп, осы жылы ақайлықтар тұрғын үй салуға жер телімін аламыз деген сенімде.
«Кәсіпкерлік-қоғамның қозғаушы күші» дегендей, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша да іргелі істер атқарылуда. Жыл көлемінде аудан орталығынан Жомарт Жаппасбаев, Ербол Ешмұратов, Рабиға Балғабаева, Сейфулла Әжмолдаев, Гукчак Рагибова, Нұрадин Шокбаров сынды есімдері өңір жұртшылығына танылған кәсіпкерлер аудан тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет көрсетуде заман талабына сай нысандар пайдалануға берді.
Сонымен бірге, аудан орталығындағы индустриялық аймақтан «Мир-2001» ЖШС-і «Бетон бұйымдарын және құрылыс құмын өндіру цехы іске қосылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңбе­рінде «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 62 адам оқу курсынан өтті. Бағдарлама шең­берінде несиенің пайыздық ставкасын субси­диялау және ішінара кепілдендіру бойынша 15 жоба несиелендірілді.
Сондай-ақ, бағдарламаның жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру компоненты бойынша 54 жоба қатысып, грантқа қол жеткізсе, «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 5 жоба қаржыландырылды. Ал, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 7 жоба несиелендірілді. «Нәти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар­ға арналған бағдарламасы» шеңберінде 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, қазіргі күні, 53 азамат несиелендірілді.
Ақтөбе ауылында құс етін өндіруге арналған фабриканың іргетасы қаланды.
Ауданда білім және спорт салаларында да толағай табыстар болды. Өткен жылы аудан бойынша 56 бітіруші түлек «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегері атанса, Қуаңдария ауылында №186 жаңа мектеп, Жосалы кентінде екі балабақша пайдалануға берілді. Қазақ күресінен Елбасы жүлдесіне арналған аламан жарыс­та Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атанды.
Міне, осындай ел есінде қалған өткен 2017 жылы басқа да салалар бойынша игі істер атқарылды.
Ал, жаңа басталған ит жылының басты жаңалығы ауданда газ мәселесі толық шешімін табады. Сонымен бірге, көптеген әлеуметтік нысандар, оның ішінде Иіркөл және Төребай ауылдарында балабақша, Жосалы кентінде №183 орта мектеп, ал Төретам кентінде денешынықтыру және сауықтыру кешені ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Иә, осындай бастамалар жүзеге асырылып жатса аудан халқының әлеуетінің арта беретініне сенім мол.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
Парсы шығанағы жағалауында
Қазақстанның елшілігі ашылады
09 қаңтар 2018 ж. 1 781 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 16:46
Kaufen Viagra Kamagra Cialis Canadian Cheap Cialis generic cialis overnight delivery Cheap Pills Without A Prescription

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031