» » ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН ЕРЕКШЕ БАҒА

ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН ЕРЕКШЕ БАҒА

Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен, сондай-ақ еңбек өнімділігін және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі нәтижелі жұмысы үшін еңбек адамдарына берілетін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында жерлесіміз, «Жаңажол» ЖШС механизаторы Қалмұратов Ерболат Сәрсенбайұлы марапатталды.
1999 жылдан бері «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып еңбек ететін Ерболат Сәрсенбайұлы жыл сайын жер айдау, жоңышқа, күріш, бидай оруда жоғары көрсеткіш көрсетіп, ауданымыздың, облысымыздың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды.
-Кез келген адам үшін еңбек қасиетті ұғым. Қарапайым отбасында тәрбие алып, еңбектің қадірін ес беліп, етек жеңімді жинағалы ұғынып келемін. Тапсырылған істі жауапкершілікпен орындап, нәтижеге жету шаруашылық мүшелерінің әрқайсысының басты мақсаты.  Істі тиянақты, сапалы орындаудың арқасында үнемі жақсы жетістіктерге жетіп келеміз. Таза еңбек пен маңдай тер адамды игілік пен қоса бақытқа жеткізетініне көзім жетті. Еселі еңбегіммен туған жеріме, туған ауылыма тапшыдай болса да пайдам тисе, еңбегім үлгі болса мен үшін бақыт пен мәртебе.
Ең елеулі мереке ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай кеудеме тағылған орден еңбегіме берілген бағадан бұрын маған артылған зор сенім деп қабылдаймын. Сол сенім үдесінен шығу жолында табысты еңбек ете бермекпін дейді,-мерейлі марапат иесі.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930