» » АҚАЙ АУЫЛЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

АҚАЙ АУЫЛЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

2017 жылдың қорытындысы мен биылғы жылға жоспарланған жұмыстар жайлы аудан әкімі Сұлтан Мақашов пен Ақай ауылдық округінің әкімі Г.Омарова халық алдында есеп берді. Жұлдызды қала Байқоңырмен көршілес жатқан, жер көлемі 679 гектар болатын Ақай ауылын 5545 адам мекен етеді. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны-3303, жұмыспен қамтылғаны-1488, жұмыс істемейтіні-125, жұмыссыздыққа тіркелгені-33, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны-1690. Зейнеткерлер-279, Есепті мерзімде 96 сәби дүниеге келген. Округ бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 159 болса, жұмыс жасап тұрғаны 117. Қазіргі уақытта округте 39 дүкен, 2 наубайхана, 1 кондитер цехы, 3 тойхана, 1 кафе, 2 тіс емханасы, 2 шаштараз, 3 көлікке қызмет көрсету, 2 көлік жуу, 2 тігін цехы,1 ағаш шеберханасы, 2 пластитк цехы, 2 құс фермасы халыққа қызмет көрсетуде. Сондай ақ, өткен жылы «МеаПрим» ЖШС-нің күріш дәнінен жасалатын тағам түрлерін өндіру» жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 8,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, қыркүйек айынан бастап қытырлақ күріш таяқшаларын шығаруда. 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 8 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 азамат мүйізді ірі қара малын бордақылау мақсатында несие алып, жұмысын бастаса, 1 азамат тігін цехын ашты. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба несиелендірілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарын 2 адам «Қаптаушы-тасшы» мамандығы бойынша оқыса, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 2 азамат оқу курсынан өтті. Аталған бағдарламалар аясында түрлі жобалар бойынша 4 адам несие алып, жұмыстарын істеуде. Округтегі төрт түліктің барлығы бірдейлендірілген. Ауыл бойынша 512 бас мүйізді ірі қара, 110 бас жылқы, 160 бас түйе, 1467 бас қой-ешкі, 1466 құс бар. Өткен жылы ауылдың жаңадан қоныстанған аймағын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарына оның ішінде 9 көшесіне қиыршық тас жол салу, электр желісін жүргізу, 3 КТПН орнату үшін 158,8 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 
Кездесуде тұрғындар тарапынан «ауыл орталығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілсе» - деген деген ұсыныстарына аудан әкімі газдандыру жұмыстары аяқсыз қалмайтынын жеткізді. Жиын соңында ақасақалдар алқасы төрағасының орынбасары Итемгенов Алдоңғар тұрғындар атынан аудан, ауыл әкімдерінің жыл бойы атқарған жұмыстарына ризашылығын айтып батасын берсе, аудан әкімі жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін айтып тұрғындарды жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
20 қаңтар 2018 ж. 1 838 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 22:49
Take Cephalexin With Food Cheapest Viagra Prices Online Venta Cialis Valencia buy viagra Recommended Amoxicillin Doses For Sinus Infections

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031