Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Ақжігітовтің 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Елбасының Қазақстан халқының әлеуетін арттыруға арналған сара саясатын, оның ішінде жергілікті жерде жұмыссыздықты азайту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы салық базасын нығайту, одан түскен қаржыны жергілікті жерде жұмсалуын іске асыру, елді мекендерде саяси тұрақтылықты сақтап, ел ішіндегі бірлік пен татулық бағытында жұмыстар жасау мақсатында ауылдық округте біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Округ бойынша 35 кәсіпкер тіркелген. 2 жеке кәсіпкер Қызылорда бағытында жолаушылар тасымалымен айналысса, 3 кәсіпкер тұрғындарға түрлі мақсаттағы көлік қызметін көрсетеді. 2017 жылы сауда-саттық саласы бойынша 2 жеке кәсіпкер аудандық салық басқармасына тіркелді. Ауыл да 1 наубайхана, 1 балалар ойын алаңы, 8 дүкен, 1 шаштараз, 1 құс шаруашылығы, 1 көлік жөндеу шеберханасы, 1 тігін цехы жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығын қолдау қорынан қаржы алған ауыл тұрғыны Шырынкүл Жалғасбаева жүн өнімдерінен киіз үйге қажетті жабдықтарды жасайды.
“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы” шеңберінде 2 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, жобасын қорғады.
Жыл көлемінде 8 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарында электрик, аспазшы және көлік жөндеу шебері мамандықтары бойынша білімін жетілдірді. Ауылдағы саяси ахуал қалыпты. Ардагерлер ұйымы жастар тәрбиесіне байланысты жұмыстарға белсене араласады.
Ауылдық округі әкімі аппараты әрдайым өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруда ауыл тұрғындарымен бірлесе жұмыс атқара береді.

Пікір 1